Мұқан Естайұлы Дүйсекеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мұқан Естайұлы Дүйсекеев
Мұқан Естайұлы Дүйсекеев
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары
Ту
Ту
2009 бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Өмірбаяны
Білімі Алматы Жоғарғы Әскери Академиясы
М.В.Фрунзе атындағы Әскери академия
Дүниеге келуі 25 қаңтар 1957 (1957-01-25) (67 жас)
Павлодар, Павлодар облысы, Қазақ КСР
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1974—2018
Әскер түрі Мотоатқыштар әскерлері
Әуе-десанттық әскер
Атағы Генерал-майор
Басқарды 35-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасы
Шайқасы Ауған соғысы
Марапаттары
2 дәрежелі Даңқ ордені Қызыл жұлдыз ордені

Мұқан Естайұлы Дүйсекеев (25 қаңтар 1957, Павлодар) - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі.  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары (2009-2018), генерал-майор (2008).,

Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1978.),

Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1993).

РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясын бітірген (1999).

1974-78 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты, Орта Азия ӘО әскерлері мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі, 55712 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің топ командирі, Түркістан ӘО 43151 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің арнайы жасак топ командирі, Орта Азия ӘО әскерлері жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы парашют-десант ротасының командирі, батальон командирдің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Түркістан ӘО Қолбасшысының қарамағында, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1978-93),

ҚР ҚМ карамағында жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, бригада командирі, РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының тыццаушысы, механикаландырылған дивизия командирдің орынбасары - штаб бастығы, Ұтқыр күштер Қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы (1993-2003),

ҚР ҚМ ШБК арнайы әскери департаменті бастығының бірінші орынбасары - штаб бастығы міндетін уақытша атқарушы (2003-05),

Ұйымдастыру-жұмылдыру департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы (2005-08), «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Басқарма штабының бастығы, ҚР ҚМ ШБК төрағасының бірінші орынбасары (2008-11),

2011 жылы ақпанынан-орынбасары.

«Қызыл жұлдыз» ордені (1982),

3-дәрежелі «За службу Родине в СССР» (1984),

2-дәрежелі «Айбын» ордені(2010),

медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х