Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов
Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов (26 желтоқсан 1921 ж., Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1978), Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының (1996) және Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі (1998).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орта мектепті және мұғалімдер курсын бітірген (1940–41) соң, Қызылту (қазіргі Шоқан Уәлиханов) ауданы Жарқын жетіжылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болды. 1941 жылдың қазанында КСРО шекара әскерлері қатарына шақырылған. 1945 ж. тамызда 60-Камчатка теңіз шекара отрядының құрамында Жапониямен болған соғысқа қатысқан. 1946–50 ж. Кеңес (қазіргі Аққайың) аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Республикалық партия мектебін (1950–52) бітірген соң, сонда саяси экономика кафедрасында оқытушылыққа қалдырылып, 40 жылдан аса жұмыс істеген; соңғы 30 жыл бойы кафедра меңгерушісі болды. 1968 ж. «Разработка В.И.Лениным основных принципов и методов управления народным хозяйством в условиях социализма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – саяси экономия, экономикалық ой-пікір тарихы және халық шаруашылығынн басқару мәселелері.
Елеусізов 10 монографияның, 250-ден аса ғылыми мақала мен рецензияның авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |