Мазмұнға өту

Мәртөк ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Мәртөк ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Мәртөк

Ауылдық округтер саны

13

Ауыл саны

32

Әкімі

Медет Ысқақов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, №36

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°46′12″ с. е. 56°30′36″ ш. б. / 50.77000° с. е. 56.51000° ш. б. / 50.77000; 56.51000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°46′12″ с. е. 56°30′36″ ш. б. / 50.77000° с. е. 56.51000° ш. б. / 50.77000; 56.51000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1935

Жер аумағы

6,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

29 608[1] адам (2023)

Тығыздығы

4,5 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (64,2%), орыстар (17,34%), украиндар (11,25%), немістер (2,69%), татарлар (1,69%), молдовандар (0,35%), беларустар (0,34%), басқалары (2,14%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

030600-030616[3]

Автомобиль коды

04

Мәртөк ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Мәртөк ауданы

Облыс картасындағы Мәртөк ауданы

Мәртөк ауданыАқтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы — Мәртөк ауылы.

Географиялық орны, жер бедері мен климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мәртөк ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, батысында Қобда, оңтүстігінде Алға ауданы және Ақтөбе қаласымен, шығысында Қарғалы ауданымен шектеседі. Аудан солтүстіктен оңтүстікке 110 шақырымға созылса, бұл көрсеткіш шығыстан батысқа 147 шақырым құрайды. Аудан жері негізінен жазық, солтүстігі сәл қыратты келеді. Ең биік жері ауданның солтүстік-шығысында (414 м). Климаты айқын континенттік, қысы — суық, жазы — ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –15 — 17С, шілдеде 21 — 23С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 220 — 250 мм.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 29150 32458 40990 32749 31716 31084 29843 29804

Халық саны 29980 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,72%), орыстар (17,67%), украиндар (12,15%), немістер (2,78%), беларустар (0,37%), татарлар (1,76%), басқалары (2,55%). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 32 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Аққұдық ауылдық округі Вознесеновка ауылы 5 993
Байнассай ауылдық округі Байнассай ауылы 2 664
Байторысай ауылдық округі Байторысай ауылы 4 992
Жайсаң ауылдық округі Жайсаң ауылы 2 2893
Қазірет ауылдық округі Қазірет ауылы 2 440
Қаратоғай ауылдық округі Қаратоғай ауылы 1 1517
Қарашай ауылдық округі Қаратаусай ауылы 2 842
Құрмансай ауылдық округі Құрмансай ауылы 3 487
Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы 3 1051
Мәртөк ауылдық округі Мәртөк ауылы 4 11374
Родников ауылдық округі Родниковка ауылы 1 1406
Сарыжар ауылдық округі Сарыжар ауылы 1 4963
Тәңірберген ауылдық округі Саржансай ауылы 2 1713

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атауы Халқы
(2021)
Мәртөк 10679
Сарыжар (Хлебодар) 4963
Жайсаң 2774
Қаратоғай 1517
Родниковка 1406
Саржансай (Нагорное) 1108
Кеңсахара 605
Байнассай (Новомихайловка) 514

Өзен-сулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданның оңтүстік-батыс жерімен Елек өзені және оның салалары Ақсу, Жамансу, Тәңірберген (Танаберген) ағып өтеді. Шығысын бойлай Жайық өзенінің саласы Қиялы Бөрте өзені ағады. Бірнеше ұсақ көлдер бар.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағында құрғақ дала белдеміне тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жерінің көбі жыртылған. Өсімдіктің 300-ден аса түрі бар, оның ішінде боз, бетеге, қара жусан, ши, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, борсық, сарышұнақ, аламан тышқаны және бауырымен жорғалаушылар, т.б. мекендейді. 160-қа жуық құс түрі ұялап, 27-ісі жыл бойы қалады.

Шаруашылығы, инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 1996 жылға дейін астық өндіру, оған қосымша сүтті-етті мал, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 13 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1996 жылдан АҚ-дар, ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 480 мың га, оның ішінде жыртылған жері 188,2 мың га, шабындығы 11,0 мың га, жайылымы 265,2 мың га, орманы 5,6 мың га. (2000). Мал шаруашылығында 2000 жылы 35,1 мың сиыр, 14,4 мың қой мен ешкі, 10,2 мың шошқа, 1,5 мың жылқы болды. Жалпы білім беретін 31 орта мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, мәдениет үйі, 16 клуб бар. Денсаулық сақтау саласында аурухана мен емхана, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Аудан жерімен ОрынборТашкент т. ж., АқтөбеМәртөк, Ойыл — Мәртөк автомобиль жолдары өтеді.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]