Мазмұнға өту

Нарықты зерттеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нарықты зерттеу - арнаулы нарық немесе клиент жайында ақпарат жинау мақсатында ұйымдастырылған шара. Ол бизнес стратегиясының өте маңызды компоненті болып табылады.[1] Бұл термин ұдайы маркетингілік зерттеулер терминимен шатастырылады, алайда мамандар маркетингілік зерттеулер маркетингілік үдерістермен, ал нарықты зерттеу нақты нарықпен қатысты екенін түсіндіреді.[2]

Нарықты зерттеу бәсекелестердің арасында бәсекеге қабілетті болудағы ең үлкен факторлардың бірі. Нарықты зерттеу нарықтың қажеттілігін, нарық мөлшерін және нарықтағы жарысты анықтап, анализ жасайтын маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Нарықты зерттеу фокус-топ, жете сұхбат этнография секілді сапалық тәсілдерді қамтумен қатар, клиенттер арасында сауалнама, қайталама деректер анализі сияқты есептік зерттеулерді қамтиды.[3]

Әлеуметтік және ой-пікір зерттеулерді қоса қарастыратын нарық зерттеулері, түсінік алу немесе дұрыс шешім қабылдауда демеу табу мақсатында жасалатын, адамдардан немесе мекемелерден қолданбалы әлеуметтік ғылымдардың статистикалық және аналитикалық әдістердің қолдана отырып ақпарат жинау және талдау болып табылады.[4]

Нарықты зерттеу 1920 жылдан бастап тұжырымдама ретінде қарастырылып, қолданысқа ие бола бастады. Оның басты себебі - радионың "алтын ғасырының" әсерінен АҚШ-та бастамасын алған жарнамадағы серпіліс. Жарнама берушілер демографияның маңыздылығын түсіне бастап, көптеген радио бағдарламаларға демеуші бола бастады.

Бизнес және нарықты зерттеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нарықты зерттеу тұтынушының талаптарын, қажеттіліктерін және сенімдерін шолып қараудың бір жолы. Ол тұтынушының әрекеттерін де қамти алады. Зерттеулер нәтижесінде өнім нарықта қалай бағаланып, сатылатынын да көруге болады. Питер Друкер нарықты зерттеу маркетингтін нағыз мазмұны деп ойлаған.[5]

Нарықты зерттеудің 2 түрі бар: сандық және спалық талдаудан тұратын Бірінші зерттеу және Екінші зерттеу.

Нарықты зерттеу арқылы қарастыруға болатын факторларға мыналар жатады:

Маркет туралы ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маркет туралы ақпарат жинау арқылы әртүрлі өнімдердің маркеттегі бағасы, сол өнімге деген сұраныс және ұсыным туралы білуге болады. Клиенттерге нарықтың әлеуметтік, техникалық және заңды тұстарын көрсетіп, көмектесу арқылы маркет зерттеушілері үлкен роль атқарады.[6]

Маркетті сегменттеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маркетті сегменттеу - нарықты немесе халықты ұқсас уәждемелеріне сай әр түрлі топшаларға бөлу. Бөлу географиялық өзгешеліктерінің, өнімді қолдану өзгешеліктерінің, психографиялық және жыныс өзгешеліктерінің негізінде жасалады. Мысалы, B2B сегменттеу фирмалық стиль негізінде жасалады.

Маркет үрдісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Берілген уақыт арасындағы нарықтың жоғары немесе төмен болуы маркет үрдісі деп аталады. Жаңа инновация арқылы бастау алып жатқан адамға нарық көлемін өлшеу қиынға соғу мүмкін. Осындай жағдайда ықтимал тұтынушы немесе тұтынушы сегменттерінен болжымдық шама құрастыру керек.

SWOT - бизнестің әлді (Strenght), әлсіз тұстардың (Weakness), мүмкіндіктің (Opportunities) және қатердің (Threats) мөлшерін жазба түрде талдау. Белгілі бір мекемені құру барысында ғана SWOT анализ жасамай, сол мекеме қызмет етіп тұрған уақытта да жүргізу керек.

Сонымен қатар маркетинг тиімділігін де қоса қарастыруға болады. Оның ішіне:

  • Тұтынушы анализі
  • Таңдауды үлгілеу
  • Бәсекелес мекеменің анализі
  • Тәуекелді қауіпті талдау
  • Өнімді зерттеу
  • Зерттеуді жарнамалау
  • Маркетинг миксін үлгілеу
  • Үлгіленетін тестілік маркетинг[7]

Нарықты зерттеу - Пайдасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нарықты зерттеу - стратегиялық шешімдер қабылдауға жәрдемдесетін елеулі құрал. Ол шешім немесе стратегия қабылдыған кездегі қауіпті азайтады. Мекемелер бұл зерттеуді үйде немесе осы салада арнайы мамандандырылған бизнес мамандардың және компаниялардың көмегімен жасайды. Соңғы жылдарда нарықты зерттеуде көмек көрсететін мекемелерін көбейгенін көруге болады.

Пайдалы тұстары:

  1. Нарықты зерттеу сұранысқа, тұтынушы қылығына, саудаға, өсу мүмкіндігіне қатысты нақты тренд ұсынуда жәрдемдеседі
  2. Нарықты толығырақ түсінуге, сол арқылы өнімнің дизайнына, атқарымына және сұраныс болжамын жасауға көмектеседі
  3. Ол бәсекелес мекемелерді зерттеп, түсінуге көмектеседі. Осы арқылы бизнесте сату үшін желеу табуға оңай болады

Нарықты зерттеу бизнес және индустрияда пайдасын тигізіп, инвестициялар бойынша қайтарым жоғары болғанын қамтамасыз етеді.

Филм индустриясында үшін нарықты зерттеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильмнің маркетинг материалдарын алдын ала тестілеу аудиторияның қалай қабылдайтынын түсіну үшін өте маңызды. Бұндай жағдайға қолданылатын бірнеше нарықты зерттеу тәжірибесі кездеседі: (1) тұжырымдамаларды тестілеу. Бұл - жие кездесетін фильмнің идеясына реакциясын бағалау; (2) позициалау студиолары, маркетингтік мүмкіндіктері үшін сценарий талдау; (3) фокус-топтар. Бұл - шығарылғанға дейін шағын топтарда өткізілетін, фильм туралы көрермендердің пікірі; (4) сынақ скринингтер, фильмді театрларда көрсетпес бұрын алдын ала көру; (5) бақылау зерттеулері, апта сайын аудиторияның фильм жайында хабардар екенін (көбіне телефон арқылы) өлшеу; (6) жарнама тестілеу, тіркемелер және теледидар жарнамалары ретінде жасалған маркетингтік материалдарды тестілейді; (7) шығу сауалнамалары, аудитория фильмді көргеннен кейін аудиторияның реакциясын байқау.[8]

Интернет ықпалы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Интернет арқылы жасалынатын зерттеулердің болуы осы медианы тұтынушыларға орасан көп әсерін тигізді. Өнім мен қызметтің әрбір түріне қатысты ақпарат алуға мүмкіндік пайда болды. Түрлі статистика тұтынушылардың талаптарының артуы жалпы Интернет-зерттеу өтінімдері арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн сауданы зерттеу арқылы екендігін көрсетті.

Бұл сатып алушыларды, кездейсоқ «серфинг» жасаған адамды графика арқылы тарту арқасында жүзеге асады. Интернет жүйелері тұтынушының нақты қажеттіліктерін зерттеуге мүмкіншілік береді. Шағын бизнес әкімшілігінің айтуынша, табысты бизнес клиенттер, бәсекелестер, және ілеспе өнеркәсіп туралы білім алып зерттеу арқылы жүзеге асады. Нарықтық зерттеулер өнім сұранысы туралы түсінік қалыптасыра ғана қоймай, сол өнім туралы деректерді талдау процессін бастауға көмектеседі.

Интернеттің ыңғайлы болуы және оңай қолжетімділігі дамыған елдерде бөлшек сауда нарығын итермелейтін байтақ "B2C Электрондық коммерция зерттеу нысаны" атты онлайн сауда желісін құрды. 2010 жылы осы орта арқылы, $ 400 млрд және $ 600 млрд арасында табыс түсті. Ал 2015 жылы, осы онлайн нарықтық $ 700 млрд және $ 950 млрд арасындағы табыс әкелетін болады деп күтілуде.

Интернет сондай-ақ онлайн сауалнама провайдерлермен дәстүрлі қағаз сауалнамаларды ауыстырды. Мысалы, соңғы 5 жылда, ұялы сауалнамалар үлкен қызығушылыққа ие болды. Интернеттің оңтайлылығы әлеуметтік дауыс беру қауымдастықтары сияқты респонденттерді тартудың жана инновациялық әдістеріне бастау берді.

Қаржылық көрсеткіштер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ТОП 10 АҚШтың Нарықты Зерттеу Мекемелері (2013)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөз - The 2014 AMA Gold Top 50 Report:

# Компания Әлемдік зерттеуден келген табыс (2013 ж.)

(миллион АҚШ доллары)

1 Nielsen Holdings N.V. - Nielsen Holdings N.V., Arbitron Inc. 6,054.0
2 Kantar Group - TNS, Millward Brown, etc. 3,363.7
3 IMS Health Inc. 2,544.0
4 Ipsos Group S.A. 2,274.0
5 GfK 1,985.5
6 IRI 845.1
7 Westat Inc. 582.5
8 dunnhumbyUSA LLC 462.0
9 The NPD Group Inc. 287.7
10 comScore Inc. 286.9

http://publications.ama.org/Marketing_News/MN-jun14/offline/download.pdf Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.

ТОП 10 Ұлыбританияның Нарықты Зерттеу Мекемелері (2013)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөз - Market Research Society UK Research & Insight Industry League Tables[9]

# Компания Ақша айналымы (2013)

(миллион фунт стерлинг)

1 TNS UK 194.140
2 Dunn Humby 165.220
3 Ipsos MORI 162.400
4 Gartner 121.036
5 GfK NOP 116.366
6 Millward Brown 105.043
7 IMS Health Group 93.231
8 ACNielsen 95.119
9 Wood Mackenzie Research & Consulting 85.120
10 Euromonitor 74.228

Әлемдік Нарықты Зерттеудегі ақша айналым (2014)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөз - ESOMAR Global Market Research Report 2014[10]

# Континент Сауда (2013)

(миллион АҚШ доллары)

Үлес
1 Еуропа 16,005 40%
2 Солт. Америка 15,705 39%
3 Азия-Тынықмұхит аралық өңір 5,998 15%
4 Латын Америкасы 1,920 5%
5 Африка 382.1 1%
6 Таяу Шығыс 277 1%

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. McQuarrie, Edward (2005), The market research toolbox: a concise guide for beginners (2nd ed.), SAGE, ISBN 978-1-4129-1319-5
  2. McDonald, Malcolm (2007), Marketing Plans (6th ed.), Oxford, England: Butterworth-Heinemann, ISBN 978-0-7506-8386-9
  3. "Advantages and Disadvantages of Qualitative Research" Мұрағатталған 13 сәуірдің 2016 жылы.OccupyTheory. Retrieved 2016-04-13
  4.  ICC/ESOMAR (2008), International Code on Market and Social Research. ICC/ESOMAR Amsterdam, the Netherlands, 4th ed. http://www.esomar.org/uploads/pdf/professional-standards/ICCESOMAR_Code_English_.pdf Мұрағатталған 3 қыркүйектің 2018 жылы.
  5. Drucker, Peter F. (1974). Management: Tasks, Responsibilities, Practices. Australia: Harper & Row. pp. 64–65. ISBN 0-06-011092-9There will always, one can assume, be need for some selling. But the aim of marketing is to make selling superfluous. The aim of marketing is to know and understand the customer so well that the product or service fits him and sells itself. Ideally, marketing should result in a customer who is ready to buy. All that should be needed then is to make the product or service available...
  6.  Diaz Ruiz, C. A. (2013). "Assembling Market Representations". Marketing Theory13 (3): 245–261. doi:10.1177/1470593113487744
  7. Wherry, Julie. "Simulated Test Marketing: Its Evolution and Current State in the Industry" (PDF).
  8.  Drake, Philip (2008). McDonald & Wasko, ed. Distribution and Marketing in Contemporary Hollywood. Malden, MA: Blackwell Publishing. pp. 63–82. ISBN 978-1-4051-3388-3.
  9. "The MRS UK Research & Insight Industry League Tables"Market Resesarch Society. Market Resesarch Society. Retrieved 31 May 2015.
  10. "ESOMAR Global Market Research Report 2014" Мұрағатталған 7 қаңтардың 2017 жылы. (PDF). ESOMAR. ESOMAR. Retrieved 31 May 2015.