Орман өрті
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.
Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жібеуі мүмкін. Ол кез келген жерде тұтанады, әйтсе де орман өрттері АҚШ пен Канаданың ормандарында жиірек кздеседі.
Орман өрттерінің түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орман өрттерінің негізгі үш түрі бар: төселе өртейтін өрттер, шарпи өртейтін өрттер және дауылды өрттер.
Төселе өртейтін өрттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төселе өртейтін өрттер немесе топырақ өрті деп орман төсеңішін, топырақ үстіндегі тири организмдерді, орман маңындағы алаңдарды жалмайтын өртті айтамыз. Төселе өртейтін өрттер құнарлы заттарды жояды, өэкологиялық жүйеге залал келтіреді.
Шарпи өртейтін өрттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шарпи өртейтін өрттер ең қауіпті өрт болып саналады. Оған бұндай атау ағаштардың үстімен жүріп өтетіндіктен, яғни ағаш жапырақтарын жалмайтындықтан берілген. Шарпыған өрттердің сумаңдаған жалыны ұзын болады, сондықтан тосқауылдардан, мәселен жолдар мен өзендерден оңай аттап кете береді.
Дауылды өрттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дауылды өрттер күшті жел от ұшқындары мен жанған бұтақтарды алыс жерге алып кетіп, жаңа өрт ошақтарын туғызған кейде пайда болады. Кейде осындай өрт ошақтары тұтаса келіп, ірі әрі өте қауіпті қаулаған өрте айналады.
Себептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Найзағай
- Ормандағы адамдардың жауапсыздығы, кейді жауапсыз қалдығы
- Әдейі от қою
- Жанартау атқылауы
- Ауаның ысты ағыны
- Қуаңшылық
Зардаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Орман өрттері су тасқыны мен лай көшкінінің ықтималды қауіптілігін күшейтеді
- Өрт кезінде бөлініп шығатын түтін мен басқа да зиянды заттар адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді
- Ағаштың, жемшөптің, флора мен фаунаның, көрікті жерлердің және су айрықтарының қорын жояды
- Демалатын жерлер мен туризмнің аумағын тарылтады
Пайдасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тіршілік ететін ортаның түр-түрі көбейеді
- Құнарлы заттардың айналымы артады
- Биологиялық әртүрлілік көбейеді
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |