Осакаров ауданы
Қазақстан ауданы | |
Осакаров ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
21 |
Кенттік әкімдіктер саны |
2 |
Ауыл саны |
52 |
Әкімі |
Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетов[1] |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Осакаров кенті, Достық көшесі, №33 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°34′12″ с. е. 72°34′38″ ш. б. / 50.57000° с. е. 72.57722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°34′12″ с. е. 72°34′38″ ш. б. / 50.57000° с. е. 72.57722° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1940 |
Жер аумағы |
11,2 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
30 253[2] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
орыстар (43,91%), қазақтар (34,56%), немістер (6,1%), украиндар (4,92%), татарлар (2,26%), беларустар (1,83%), шешендер (1,62%), гректер (1,07%), басқа ұлт өкілдері (3,73%)[3] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
101700-101726 |
Автомобиль коды |
09 |
Осакаров ауданы — Қарағанды облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан 1940 жылы құрылған. Аумағы 11,2 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Осакаровка кенті.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығысында Павлодар облысының Баянауыл ауданы және Екібастұз қаласымен, солтүстігінде Ақмола облысының Аршалы, Ерейментау, батысында Нұра, оңтүстігінде Бұқар жырау аудандарымен шектеседі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Осакаров ауданы 1940 жылы 28 желтоқсанда құрылды. Аудан құрамына Тельман ауданының Вольский, Краснокутский, Тельман; Нұра ауданының Скобелев; Ақмола облысы Вишнёв ауданының Окольный ауылдық кеңестері енді. 1941 жылы 23 мамырда Красное озеро, Родник, Шортанды елді мекендері Ақмола облысының Вишнёв ауданына берілді.
1946 жылы 17 маусымда ауданда Батпақты, Коллективный, Красноармейский, Пионер, Осакаров, Трудовой, Ударный ауылдық кеңестері құрылды.
1951 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамында Батпақты, Вольский, Коллективный, Красноармейский, Краснокутский, Окольный, Осакаров, Пионер, Скобелев, Тельман, Трудовой және Ударный ауылдық кеңестері болды.
1952 жылы 14 ақпанда арнайы қоныс аударушыларды НКВД органдарының арнайы есебінен шығаруға байланысты, 1930-1931 жж. құрылған нөмірленген ауылдарға атау берілді:
- Осакаров а/к №3 ауыл — Озёрное ауылы (Тоқсумақ көлінің жағасында орналасуына байланысты)
- Пионер а/к №4 ауыл — Центральное ауылы (ауданның орталық бөлігінде орналасуына байланысты)
- Красноармейский а/к №5 ауыл — Литвинское ауылы (Литвин МТС-іне байланысты)
- Окольный а/к №6 ауыл — Октябрьское ауылы ("Октябрь" ұжымшарына байланысты)
- Красноармейский а/к №7, 8 ауыл — Колхозное ауылы
- Пионер а/к №9 ауыл — Пионерское ауылы ("Пионер" ауылдық кеңесі мен ұжымшарына байланысты)
- Коллективный а/к №10 ауыл — Коллективное ауылы ("Коллективный" ауылдық кеңесі мен ұжымшарына байланысты)
- Ударный а/к №11 ауыл — Приишимское ауылы (Есіл өзенінің бастауында орналасуына байланысты)
- Трудовой а/к №23 ауыл — Первомайское ауылы ("1-ші Май" ұжымшарына байланысты)
- Трудовой а/к №24 ауыл — Трудовое ауылы (Трудовой МТС-іне байланысты)
- Трудовой а/к №25 ауыл — Степное ауылы (аудан шетінде орналасуына байланысты).
1954 жылы 26 маусымда "Родников" кеңшарының орталығында Родников ауылдық кеңесі құрылды. 1954 жылы 29 маусымда "Осакаров" кеңшарының орталығында Өлеңді ауылдық кеңесі құрылды.
1961 жылы 31 мамырда Батпақты, Краснокут ауылдық кеңестері Батпақты ауылдық кеңесіне бірікті (орталығы Вильгельм Пик атындағы кеңшар орталығы Батпақ ауылы); Вольский және Ударный (бір бөлігі) ауылдық кеңестері Вольский ауылдық кеңесіне бірікті (орталығы Коммунар кеңшары орталығы Вольское ауылы); Пионер және Ударный (бір бөлігі) ауылдық кеңестері Пионер ауылдық кеңесіне бірікті (орталығы ХХІ партсъезд атындағы кеңшар орталығы Пионерское ауылы). Осы шешіммен Осакаров ауылдық кеңесі Осакаров және Озёрный ауылдық кеңесіне; Скобелев ауылдық кеңесі Құндызды және Теміртау ауылдық кеңесіне; Тельман ауылдық кеңесі Тельман және Тракторист ауылдық кеңесіне бөлінді. 1961 жылы 3 шілдеде Окольный ауылдық кеңесі Октябрь ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1962 жылы 30 қазанда кеңшар орталықтарына атау берілуіне байланысты ("Осакаров" кеңшары - Дальнее а., "Тракторист" кеңшары - Молодёжное а., №4 кеңшар - Николаевка а., "Родников" кеңшары - Родниковское а., "Теміртау" кеңшары - Садовое а., Тельман атындағы кеңшар - Тельманское а.) 1962 жылы 7 желтоқсанда ауылдық кеңестердің атауы өзгертілді:
- Құндызды а/к - Николаев а/к (орталығы Николаевка а.)
- Теміртау а/к - Садовый а/к (орталығы Садовое а.)
- Тракторист а/к - Молодёжный а/к (орталығы Молодёжное а.)
- Өлеңді а/к - Дальний а/к (орталығы Дальнее а.)
1963 жылы 2 қаңтарда Осакаров ауданының шекарасында орталығы Осакаровка ауылында орналасқан Осакаров ауылдық ауданы құрылып, төмендегі ауылдық кеңестер құрамына енді: Батпақты, Вольский, Дальний, Красноармейский, Молодёжный, Николаев, Озёрный, Октябрь, Осакаров, Пионер, Родников, Садовый, Тельман, Трудовой. 1963 жылы 24 қаңтарда Шідерті ауылында Шідерті ауылдық кеңесі құрылды.
1964 жылы 20 сәуірде Осакаровка ауылы кент санатына жатқызылып, ауылдық кеңес кенттік кеңес болып қайта құрылды.
1967 жылы 16 қыркүйекте Садовый ауылдық кеңесінің бөлігінен құрылған ауылдық кеңеске Скоболев ауылдық кеңесі (орталығы Скобелевка а.) атауы берілді.
1972 жылы 10 наурызда Вольский, Дальний, Молодёжный, Родников, Тельман, Трудовой және Шідерті ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Молодёжный ауданына берілді. 1972 жылы 11 сәуірде Нұра ауданының Маржанкөл, Чапаев ауылдық кеңестері берілді.
1975 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамында Осакаровка кенті мен Батпақты, Красноармейский, Маржанкөл, Николаев, Озёрный, Октябрь, Пионер, Садовый, Скобелев, Чапаев ауылдық кеңестері болды.
1991 жылы 22 қарашада "Құндызды" кеңшары аумағында Құндызды ауылдық кеңесі (орталығы Богучар а.) құрылды.
1997 жылы 23 мамырда таратылған Молодёжный ауданының аумағы енгізіліп, Молодёжный кенті мен Вольский, Дальний, Звёздный, Ертіс, Қаратомар, Мирный, Пролетар, Родников, Тельман, Трудовой, Шідерті ауылдық округтері қосылды.[4]
2020 жылы Чапаев ауылдық округі таратылды.[5]
2022 жылы Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады.[6]
2023 жылы Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округі, Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округі, Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылы, Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылы, Қаратомар ауылдық округіндегі Сенокосное ауылы – Қаратомар ауылы, Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылы, Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылы болып өзгертілді.[7]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 | 1970 | 1979 | 1989[8] | 1999 | 2009[9] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
46722 | ▲54168 | ▼32167 | ▼31929 | ▲44317 | ▼35221 | ▼30467 |
Тұрғындары 31 243 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (44,60%), орыстар (33,29%), немістер (6,21%), украиндар (5,18%), татарлар (2,36%), беларустар (1,87%), шешендер (1,54%), гректер (1,08%), басқа ұлт өкілдері (3,87%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]52 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақбұлақ ауылдық округі | 1253 | ▼1202 | 95,9 | 631 | ▼613 | 97,1 | 622 | ▼589 | 94,7 |
Батпақты ауылдық округі | 1939 | ▼1628 | 84 | 928 | ▼812 | 87,5 | 1011 | ▼816 | 80,7 |
Ертіс ауылдық округі | 268 | ▼113 | 42,2 | 134 | ▼65 | 48,5 | 134 | ▼48 | 35,8 |
Есіл ауылдық округі | 2130 | ▼1799 | 84,5 | 1038 | ▼871 | 83,9 | 1092 | ▼928 | 85 |
Жансары ауылдық округі | 665 | ▼370 | 55,6 | 342 | ▼199 | 58,2 | 323 | ▼171 | 52,9 |
Жұлдыз ауылдық округі | 308 | ▼213 | 69,2 | 159 | ▼108 | 67,9 | 149 | ▼105 | 70,5 |
Қарағайлы ауылдық округі | 1379 | ▼1102 | 79,9 | 680 | ▼558 | 82,1 | 699 | ▼544 | 77,8 |
Қаратомар ауылдық округі | 730 | ▼540 | 74 | 364 | ▼278 | 76,4 | 366 | ▼262 | 71,6 |
Құндызды ауылдық округі | 587 | ▼422 | 71,9 | 271 | ▼218 | 80,4 | 316 | ▼204 | 64,6 |
Маржанкөл ауылдық округі | 618 | ▼393 | 63,6 | 291 | ▼200 | 68,7 | 327 | ▼193 | 59 |
Мирный ауылдық округі | 634 | ▼462 | 72,9 | 319 | ▼239 | 74,9 | 315 | ▼223 | 70,8 |
Молодёжный кенттік әкімдігі | 6139 | ▼5806 | 94,6 | 2890 | ▼2770 | 95,8 | 3249 | ▼3036 | 93,4 |
Николаев ауылдық округі | 810 | ▼544 | 67,2 | 410 | ▼277 | 67,6 | 400 | ▼267 | 66,8 |
Нияз ауылдық округі | 758 | ▼473 | 62,4 | 375 | ▼245 | 65,3 | 383 | ▼228 | 59,5 |
Озёрный ауылдық округі | 1029 | ▼862 | 83,8 | 498 | ▼431 | 86,5 | 531 | ▼431 | 81,2 |
Осакаровка кенттік әкімдігі | 8046 | ▲8812 | 109,5 | 3793 | ▲4343 | 114,5 | 4253 | ▲4469 | 105,1 |
Пионер ауылдық округі | 2008 | ▼1618 | 80,6 | 973 | ▼768 | 78,9 | 1035 | ▼850 | 82,1 |
Родников ауылдық округі | 894 | ▼645 | 72,1 | 452 | ▼333 | 73,7 | 442 | ▼312 | 70,6 |
Садовый ауылдық округі | 1032 | ▼698 | 67,6 | 527 | ▼384 | 72,9 | 505 | ▼314 | 62,2 |
Сарыөзек ауылдық округі | 1916 | ▼1240 | 64,7 | 944 | ▼636 | 67,4 | 972 | ▼604 | 62,1 |
Сұңқар ауылдық округі | 853 | ▼549 | 64,4 | 429 | ▼269 | 62,7 | 424 | ▼280 | 66 |
Трудовой ауылдық округі | 1016 | ▼822 | 80,9 | 473 | ▼418 | 88,4 | 543 | ▼404 | 74,4 |
Шідерті ауылдық округі | 209 | ▼154 | 73,7 | 113 | ▼80 | 70,8 | 96 | ▼74 | 77,1 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 35221 | ▼30467 | 86,5 | 17034 | ▼15115 | 88,7 | 18187 | ▼15352 | 84,4 |
Ауыл шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 660,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 410,3 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 256,7 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 200,7 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,8 мың га, көкөніс – 0,3 мың га.
- 2006 жылы 120,9 мың тонна дәндер, 14,0 мың тонна картоп, 6,2 мың тонна көкөніс дақылдары, 10,1 мың тонна ет (тірі салмақта); 44,3 мың тонна сүт, 5016,3 мың дана жұмыртқа өндірілді.
- 2007 жылғы 1 қаңтар: ірі қара мал саны 34,4 мың бас; қой мен ешкі – 23,5 мың бас; шошқа – 15,6 мың бас; жылқы - 4,5 мың бас; құс – 54,5 мың басты құрады.
- Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, табиғи су.
2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1833,1 млн. теңгені құрады.
Әлеуметтік құрылымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 49 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 7067 оқушы оқиды;
- 35 кітапхана;
- 33 клуб типті мекеме;
- 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым;
- 1 мұражай;
- 1 мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейді.
2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3420 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы 21233 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2215,9 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 101,8%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 185,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 68,1%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 954,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 94,5 млн. теңге.[11]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды облысы Осакаров ауданына жаңа әкім тағайындалды (23 қыркүйек 2022).
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Қарағанды облысының архив және құжаттама бөлімі Қарағанды облысының мемлекеттік архиві. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы бойынша анықтама. — Қарағанды, 2006. — Б. 173.
- ↑ Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- ↑ Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының атауы өзгертіледі
- ↑ Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
|
|