Паратиф
Паратиф (Қылау).Сақа араларды кенеттен қатты мазасыздандырып, ішін өткізіп, өлімжітімге ұшырататын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ентеробактер хафние. Ол жабайы араларда да залалды. Бұл ауру Қазақстанның қысы ұзақ аймақтарында көбінесе ерте көктемде немесе жазғытұрым қайталанған суықтардан соң кездеседі. Ауру көзі - ауырған ара семьялары, жеке аралар. Бір ұядан екіншісіне кәрез ауыстырғанда, жалпы суатты пайдаланғанда, аралар адасып басқа ұяларға ауысқанда жұғады. Кейде ауру ұяның сыз тартып дымқылдануынан, аралардың лас шалшықтардан су ішуінен (әсіресе қора маңында) де пайда болады.
Аурудың белгілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ара денесіне түскен қоздырғыштың азкөптігіне, залалдығына қарай аурудың алғаш клиникалық белгілері 3-15 күннен кейін ғана белгілі бола бастайды. Ауруға шалдыққан аралар ұя ішіне, қондырма, кәрез т.б. заттарға мезгілсіз іш босатуынан ұядан күлімсі иіс шығып тұрады. Көптеген аралардың қанттары сіресіп, ұша алмай ұя төңірегінде жорғалап қалады.Осы жағдайдан бүкіл ара семьясындағы сақа аралардың 40-60 проценті қырылып қалуы мүмкін.
Ауруды анықтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лабораторияға әр ұядан 20-30 ара жіберіледі.
Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Омартаны таза сумен және тұз қосылған сумен қамтамасыз етіп, ұя төңірегін тазалап сыпырып, ара өлекселерін жинап өртейді. әр ара семьясын үстеп қоректендіріп, жалпы жағдайын жақсартады. әрбір күн сайын бір литр қант ерітіндісіне қосып 0,2 г левомицитин, 100 мың ЕД биомицин немесе 200 мың ЕД стрептомицин береді. Омарта мүліктерін - киім, құрал-саймандарды түгелдей зарарсыздандырады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж