Планер (ұшу аппараты)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Планер (фр. planeur, planer қалықтау) — ауадан ауыр моторсыз ұшу аппараты. Әуедегі планер өз салмағының әсерінен көлбеу траекториямен төмендейді (қалықтайды).

Атмосферада өрлемелі ауа тасқыны болған жағдайда қалықтау мүмкіндігі туады, яғни биіктікті жоғалтпай немесе биіктікке көтеріле ұшу. Планерді ұшыру ұшаққа тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Планердің ұшақ сияқты фюзеляжы, қанаттары, құйрықтіреуі болады. Оған ұшуы мен қонуы үшін әдетте арнайы шаңғы немесе дөңгелекті шасси орнатылады. Орын саны бойынша планер бір, екі және көп орынды болып, ал арналуы бойынша — оқулық, жаттығулық (спорттық) болып бөлінеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001