Прапорщик
Прапорщик — орыс армиясындағы ең кіші офицерлік шен. I Петр кезінде тұрақты армияда ту ұстаушыларға берілген. 1884 жылдан 1917 жылға дейін Прапорщик атағы запастағы офицерлерге және прапорщик мектебі мен әскери училищені соғыс кезінде бітірушілерге берілген. Бұрынғы Кеңес Армиясында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумынын 1971 ж. 18 қарашадағы мерзімнен артық әскери қызмет етушілер институтынын орнына прапорщиктер мен мичмандар институты енгізілді.
Прапорщик және мичман деген әскери атақ әскер қатарына алынып, арнаулы курстарды бітіргеннен кейін немесе әскери мамандыққа сәйкес жоғары және арнаулы орта білімі бар адамдарға беріледі. Сонымен қатар прапорщик және мичман деген атақ кесімді мерзімнен тыс Қазақстан қарулы күштері қатарында қызмет етуге калғандарға және прапорщик болып қызмет етуге тілек білдірушілерге беріледі.
Прапорщик пен мичмандардың қатары сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар, сондай-ак мерзімді әскери қызмет өткерген, арнаулы дайындықтан өткен, жоғары немесе арнаулы орта білімі бар тілек білдірушілермен толықтырылады. Бұл қызметке ерікті түрде жасы 35-тен аспаған запастағы сержанттар мен старшиналар да алынады.
Прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызмет атқару мерзімі — 5 жыл. Осы мерзім өткен соң прапорщиктер мен мичмандардың қызмет ету мерзімі олардың өз тілегі бойынша 3 немесе 5 жылға ұзартылады. Прапорщиктер мен мичмандар әскери қызметте 45 жаска дейін бола алады. Одан соң запасқа шығады. Өте қажет болған жағдайда бұлардың кейбіреулері тағы да 5 жылға әскер қатарында 45 жастан соң да қалдырылады.
Қарулы күштер қатарында 25 жыл немесе одан да артық мерзім мінсіз қызмет аткарған және Отан алдындағы ерекше еңбектері үшін жыл мерзіміне қарамай оларға запаска, отставкаға шыққанда да әскери киім киюге рұқсат берілуі мүмкін.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|