Пьетро Метастазио
Пьетро Метастазио (шын аты Антонио Доменико Бонавентура Трапасси) (Metastasio Pietro Antonio Domenico Bonaventura Trapassi) (3 қаңтар 1698 жыл, Рим — 12 сәуір 1782 жыл, Вена), Италия ақыны және опералық либреттошы. Метастазиоға ақындық мансабын бастауға жеткілікті қаражат қалдырған өгей әкесі оның шын есімін өзгерткен болатын. Оның «Покинутая Дидона» (1724) атты бірінші либреттосы табысты болғаны сонша, ол бүкіл Италияда танымал бола бастаған. Көп ұзамай өзінің басты Энцио (1728) және Семирамида (1729) либреттосын жазып, Венаға IV Карлдің шақырылуымен сарай маңында ақын болып қызмет атқара бастайды. Оның 27 үш актілік либреттосына көптеген, атап айтқанда Вивальди, Гендель, Глюк, Моцарт және Керубини сынды композиторлармен 18-ші және 19 ғасыр басында 800-ден астам опера жазылған.