Реализм (өнер)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жюль Бастьен-Лепаж «Қазан айы. Картоп жинау» (1878) Виктория атындағы ұлттық галерея, Мельбурн

Реализм — (лат. reālis - «нағыз», «шынайы») — қоршаған ортаның, өмірдің шындығын суреттеуге бағытталған өнер ағымы.

Жалпы мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Реализм арқылы позитивизмді оның тар мәнінде түсінеді. Бейнелеу өнеріндегі бағыт ретінде ол XIX ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасты. «Реализм» терминін қолданысқа алғаш рет Ж. Шанфлёри (француз әдеби сыншысы) енгізді, бұл термин арқылы ол XIX ғасырдың 50-шы жылдарда романтизм мен академизмге қарсы шыққан өнерді сипаттаған. Реализм үстемдігі Романтизм дәурінен кейін орын алған, әрі Символизмге ізашар болды. 

Кескіндемедегі реализм

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Константин Аполлонович Савицкий «Темір жолдағы жөңдеу жұмыстары» (1874)

Реализмнің алғаш туындыларына француз суретші Гюстав Курбенің (1819 -1877) еңбектерін жатқызады, ол 1855 жылы Парижде өзінің «Реализм павильоны» атты жеке көрмесін ашты, дегенмен, одан да бұрын реалистік нақышта Барбизон мектебінің суретшілері салған (Теодор Руссо, Жан-Франсуа Милле, Жюль Бретон). 1870-ші жылдары реализм екі негізгі бағытқы бөлінді, олар - натурализм мен импрессионизм.[1]

Әдебиеттегі реализм

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кез келген әдеби туындыны екі негізгі бөлшек құрайды: объективті - суреттеушіден шет берілген құбылыс сипаты, және субъективті - суреттеушіден қосыла жазылған белгілі бір зат. Осыдан екі әдебиет бағыты бастама алады. Біріншіден, ол - шындықты барынша объективті суреттеуді көздейтін реализм, екіншіден - шындыққа жаңа формалар мен қосымшаларды енгізуді көздейтін идеализм болып табылады.   

Театрдағы реализм

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Театрда, шындыққа негізделген драма (реалистік драма) - трагедия мен комедия арасындағы аралық жанр болып табылады, бұл жанрда әдетте шиеленіс трагикалық соңымен аяқталмайды. Басты ерекшеліктеріне келесіні жатқызуға болады: ерекше өзектілік, заманға қызығушылық пен қажеттілігі. Реалисттер уақыт пен шындықты барынша нақты бейнелеуге талпынады, әрбір фактіге мұқият қарайды.[2].

Тағы қараңыз:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Энциклопедический словарь юного художника / Сост. Н. И. Платонова, В. Д. Синюков. — М.: Педагогика, 1983. — С. 150, 288—289. — 416 с. — 500 000 экз.
  2. Реализм // Театральная энциклопедия : [в 6 т.] / гл. ред. П. А. Марков. — М. : Советская энциклопедия, 1961—1967.