Рео
РЕО ( RHOEO РЕО) – коммелиндер тұқымдасына жатады. Отаны – Мексика және Антил аралдарының ылғалды тропикалық ормандары. Традесканцияның жақын туысы, бірақ сырт пішіндері бір-біріне ұқсамайды. Реоның жалғыз бір түрі ғана Қазақстанда бөлме гүлі ретінде өсіріледі. Жапырақтары сабаққа жанаса орналасқан. Жапырағының беткі жағы қою жасыл түсті болып келеді де, астыңғы жағы көк күлгін түстес. Гүлдері майда ақ түсті. Ол жапырақтарының арасында, сабаққа жақын жерде орналасады. Гүлі “қайық” секілді гүлсағағының ішінде орналасқан.
Жарығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі. Жарық жетіспесе түссізденіп кетеді.
Жылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қыста 16 ºС төмен болмауы керек.
Суғарылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жазда молынан жиі, қыста сирек суғарады.
Ылғалдылығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ылғалдылықты жақсы көреді. Су бүркіп тұру қажет.
Қоректендірілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем-жаз айларында әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақ ұнтақ құрты, щитовка және өсімдік битімен ауруы мүмкін.
Көбейтілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түбін бөлу немесе жанама өскіндері арқылы көбейтеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727