Мазмұнға өту

Риян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Риян
Бояулық риян
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Rubiaceae
Кіші тұқымдасы: Rubioideae
Тегі: Rubia
L.
түрлері

80 түрі белгілі

Риян (лат. Rubia) – рияндар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер мен бұталар, жартылай бұталар.

Қазақстанда Каспий мен Арал теңіздері маңында, Балқаш-Алакөл ойысында, Қызылқұм мен Мойынқұмда, Іле және Күнгей Алатауларында өсетін 8 түрі бар. Жиі кездесетіні — Бояулық рияны (R. tіnctorum). Оның биікт. 2 м-дей, сүректенген жуан тамыры болады. Жапырақтары қандауыр немесе ұзынша эллипс тәрізді. Сарғыш-жасыл түсті ұсақ гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Маусым — қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. Жемісі алғашқы кезде қызыл-қоңыр, әбден піскенде қара түсті болады. Бояу Р-ынан қызыл бояу алынады.

Риянның 2 түрі:

  1. бор рияны,
  2. Резниченко рияны — өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы тарылып бара жатқан өсімдіктер болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Rubia