Роберт Кеннеди
Ро́берт Фрэ́нсис "Бо́бби" Ке́ннеди (ағыл. Robert Francis "Bobby" Kennedy (1925 жылдың 20 қарашасы - 1968 жылдың 6 маусымы) РФК деген инициалмен де танымал — американың саяси және мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Роберт Кеннеди Джозеф П. Кеннедидің үшінші ер баласы, жалпы отбасыдағы жетінші бала болатын. Ол өлтірілген президент Джон Ф. Кеннедидің, екі інілерінің бірі еді. Роберт Кеннеди Гарвард университеті мен Вирджиния университетінің құқық мектебін бітірген. 1944 жылы ағайындылардың үлкені қаза тапқасын, Джо - кішкентайы, Джон Кеннеди отбасының басты үміті болып қалады,ал Бобби ағасының саяси қызметіне қолдау көрсетті. 1952 жылы Бобби ағасын Сенатқа сайлау науқанын басқарды, ал 1960 жылы JFK кадидатурасын демократиялық партияның атынан АҚШ президенттігіне үміткерлікке, артынан президент болуына көмектесті.
Саяси хронологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соңынан Джон Кеннеди інісін Бас прокурор етіп сайлады. Бұл америка тарихында бірінші рет болған оқиға, себебі президент пен Бас прокурор ағайынды адамдар еді. Ол 1951 жылы әділет министрлігінде қылмыстық сот жүргізуін қадағалау, соңынан Маккартидің подкомитетінде істеді. Роберт Кеннедидің подкомитетте жұмыс істеген кезде жеткен ең ірі жетістігі, АҚШ авиация министрі Г. Тэлботтың алаяқтығын әшкерелеуі. 1961 жылы Бас прокурор (әділет министрі) қызметін атқарып жүрген кезінде, ағасының администрациясына кірді. Президент администрациясында Кариб дағдарысын шешумен және азаматтық құқықтар мәселелерімен айналысты. «Кариб дағдарысын» шешуші топта, президенттің ең сенімді адамы болды. Джон Кеннедидің өлімінен кейін президент Джонсонның кезінде Бас прокурор қызметін 9 ай атқрып,1964 жылы қызметінен өз еркімен кетті. Сол жылдың қараша айында Нью-Йорк штатынан Сенатқа сайланды. Ағасының өлімі, оның көзқарасына, саяси позициясына ықпалын тигізді. Оның сөйлеген сөздерінде, моральдық қағидалар мен жанашырлыққа негізделген қоғам құру пікірлері айтыла басталды. Оның айтқан сөздері азаматтық құқықтар, бостандық, демократия, кедейшілік, адам құқығы, оқу, денсаулық, соғыс және бейбітшілік сияқты кең ауқымды мәселелеріді қамтыды. 1968 жылы Демократиялық партияның атынан АҚШ президенттігіне күреске түсті. 1968 жылы Роберт Кеннедидің алдында дилемма тұрды, ағасының өлімінен кейін ол президенттікке сайланғысы келген жоқ, бірақ соған баруға мәжбүр болды. Сайлау алды жарысқа, ол басқа үміткерлерден ерекше платформамен келді. Ол Вьетнамдағы соғысты тоқтатып қана қоймай,елінде, түбірлі өзгерстер жасауға халықты оятуды ойлады. Оның позициясы өз елін ғана емес бүкіл әлемді қайта құрып, жақсарту болатын. Оның сайлау науқанындағы әдісі де еркше болатын, ол шығармашылық ой мен өте батыл консервативтік өзін -өзі құрбан ету,мораль және еңбексүйгіштік сияқты ұғымдардың қоспасы еді. Демократтар лагеріндегі өзінің қарсыласы Юджин Маккарти көбінесе жас интеллектуалдарға бет бұрса, Кеннедидің аудиториясы тым басқаша болды олар: жастар мен кәрілер,байлар мен көгілдір жағалылар, барлық нәсілдедің өкілдері.Журналистер оның тыңдаушыларға тигізетін әсерін, рок-жұлдыздардың көрермендеріне тигізетін әсерімен теңеді. Оның саясатының ең маңызды бағдары АҚШ афроамерикандықтарға ақ нәсілділермен тең құқық беру болды.
Өлтіруi
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Роберт Кеннеди 1968 жылы 5 маусымда Калифорния штатында алдын ала сайлауда жеңіске жетті.Сол күні жеңіске арналған сөзінен кейін «Амбассадор» қонақ үйінің буфетінде оққа ұшты.6 маусымда алған ауыр жарақаттан қайтыс болды. Ол «Амбассадор» қонақ үйінің асханасында ауыр жарақат алды (онымен бірге,тағыда 5 адам жарақат алды). Басынан жақын қашықтықтан жараланған Кеннеди келесі күні қайтыс болды, ол кезде небәрі 42 жаста болатын. Осы уақытқа дейін Кеннедиге оқ атқан адам кім екені белгісіз. Бір оқ оның желкесінің оң жағынан тиген.Ресми түрде Кеннедиді өлтірген палестиналық Серхан Серхан есептеледі. Сондықтан Калифорния штатының губернаторы Рональд Рейганға бұл қастандық америкаға тән емес деп мәлімдеуге мүмкіншілік берді. Серханның револьверінде 8 оқ болған, бірақ есептей келе эксперттер 12 оқ тапқан. Серхан (Сирхан) Кеннедиге екі рет оқ жаудырып үлгерген, ал сенатордың денесінен төрт оқ алынған. Серханнан басқа 22 калибрлі тапаншасі Кеннедидің сақшысында болған. Ол калифорниялық билік тағайындаған — Тейн Сезар еді. Кеннедидің мүрдесін зерттеген американдық патологоанатом Томас Ногучи,оқтың Кеннедидің арт жағынан 7 см. қашықтықтан атылғанын дәлелдеді.Сенатордың желкесінде порохтан күиік ізі қалған. Зерттеудің нәтижелері теқ қана 1980 жылы жарияланды. Серхан Серхан сенаторға 1,5 метр қашықтықтан оқ атқан.Ол сенатордың алдынғы жағынан атқан, ал арттан кім атқаны белгісіз болып қалды. Серхан Серхан өлім жазасына кешілді, артынан өмір бойы түрмеде отыруға ауыстырылды.Тейн Сезардың тағдыры белгісіз,1970 жылдардың орта кезінен бастап жоқ болып кетті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]http://ru.rodovid.org/wk/%D0%97%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%81%D1%8C:12387
http://www.imdb.com/name/nm0448305/
• Burner D., West Thomas R. The torch is passed. The Kennedy brothers and American liberalism. — N. Y., 1984. — 254 p.
• Dear senator Kennedy. — N. Y.: Dodd, Mead & Comp., 1966. — 128 p.
• Goode S. Assossination: Kennedy, King, Kennedy. — N. Y.: Watts, 1979. — 177 p.
• Kennedy R. Time to remember. — 1974.
• Schlesinger A. Robert Kennedy and his time. — 1978. — 1060 p.