Ролланд туралы жыр
Көрініс
«Ролланд туралы жыр» («Chanson de Roland») — орта ғасырдағы француздың батырлық эпосы. Біздің дәуірімізге «Роланд туралы жырдың» түрлі өзгертілген нұсқалары жеткен. Олардың ішінде әрі көне, әрі жетілдірілгені Окс-фордтық нұсқа (1170 жылы шыққан).
Жырдың негізі Ұлы Карл тұсында басктерге қарсы шайқас тарихына байланысты туған. Алайда 9-10 ғасырларда жыршылары өндеп, өзгертіп жырлап, басктердің орнына маврлар-мұсылмандарды қосты, Карл, Ролландты эпикалық батыр дәрежесіне көтерді. «Роланд туралы жыр» алғаш рет 1837 ж. Парижде басылып шықты. Авторы белгісіз. Француз композиторы О.Мерме «Роланд Ронсельван шатқалында» операсының музыкасын жазды (1864 ж. қойылды).
Тарихшылдық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кейбір кейіпкерлердің тарихи түптұлғалары:
Турпен | Реймс архиепископы Турпин |
Жоффруа Анжуйский | Анжу графы Жоффруа I Гризгонель |
Ришар Нормандский | Нормандияның герцогы Ришар I |
Жирар Руссильонский | Жирар, Прованс |
Тибо из Реймса | Тибо I Шампанский |
Гвенелон | Венилон, Сансский архиепископы |