Рона ойпаты
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Рона ойпаты (фр. Vallée du Rhône ) — Францияның оңтүстік-шығыс бөлігімен ағатын Рона өзенінің орта және төменгі ағысын бойлай орналасқан ойпатты өңір. Орталық Француз тау массиві мен Альпі таулары аралығында. Ұзындығы 300 вж-дей. Негізінен плейстоценнің аллювилік шөгінділерінен түзілген. Қоңыржай климаттық белдеуден субтропиктік жерортатеңіздік климатқа өтпелі аралықта орналасқан. Солтүстіктен соғатын мистраль желінің әсері байқалады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600—800 мм. Мәңгі жасыл бұталар араласқан жалпақ жапырақты орман жамылған. Халық жиі қоныстанған. Курорт және туризм аймағы. Негізгі қалалары:
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том