Рубеус Хагрид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рубеус Хагрид (ағылш. Rubeus Hagrid) — британдық жазушы Жоан Роулиң жазған 7 томдық қиял-ғажайып Хәрри Поттер, сиқыршы ұл туралы шығармалардағы кейіпкер, сиқырлы жануарларға қарау пәнінің мұғалімі, танғажайыптық пен сиқыр мектебі «Хогуартстың» орманшысы мен кілтінің сақтаушысы. Хәрри Поттер фильімінде Хагридтың рөлін британдық актер Робби Колтрейн сомдаған.

Сыртқы келбеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас кітабында Хагрид туралы осылай жазылған:

« ...қарапайым адамнан 2 есе ұзын және 5 есе толығырақ. Ол мүмкін болуынан үлкенірек және жабайы болып көрінетін жалбыраған сақалы мен ұзын шаштары бетін жауып тұрады, қолдары қоқыс жәшігінің қақпағымен бірдей, ал былғары етіктегі аяқтары ересек дельфиндерге ұқсайды. »

Хагрид — Хәрридің өміріндегі ең бірінші досы, шын жүректен оның қамын ойлайды. Хәрри, Рон және Гермионаның достығына қарап өз балалық шағын еске алады. Қарапайым және зейінсіз көрінгенімен, бұл тек алғашқы әсер. Кітаптың көп кейіпкерлерінің ойлағанынан әлдеқайда ақылды.

Хагридтің анасы - алып Фридвульфа. Ол күйеуін Хагрид бала кезінде тастап кетті. Хагридтың Грохх деген аналас інісі бар. Алыптарды бәрі үлкен және топас қанішер деп ойлайды, оған қоса олар Волан-де-Мортқа көмектескен, сондықтан Хагрид өзінің шығу тегін құпияда ұстайды. Хагридтің әкесі, сиқыршы, Хагрид 2 курс оқып жатқанда қайтыс болған. Қанындағы алыптардың тұқымы оған қарапайым сиқыр әсер ете алмайтын қасиет береді.

Хагридтің достары Рон, Гарри және Гермиона. Олар Хагридке кеңес алу үшін, немесе әншейін шай ішу үшін келеді, бірақ олар тісіңді сындырып алғың келмесе Хагридтің пісірген тамағын жемей ақ қою дұрыс екенін біледі. Ол Гарриге бірінші болып оның сиқыршы екенін айтқан және де шынайы сыйлық- үкі Букля мен торт берген адам. Дамблдор Хагридке толығымен сенеді, бірақ Хагрид кей кездері оның құпияларын үш досына айтып қояды.

Үй жануарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Арагог(ағылш. Aragog) — Гарри Поттер жайлы кітаптағы сиқырлы жануар, сөйлейтін өрмекші, акромантул.
  • Тұмсыққанат — Гарри Поттер жайлы үшінші кітапта пайда болған гиппогриф. Өлім жазасына айыпталған болатын, бірақ Гермиона, Рон және Гарридің көмегімен Сириус Блэкпен қашып кетеді.
  • Азу — Рубеус Хагридтің үлкен қара иті. Хагридтің айтуынша, Азудың түрі шын мәніндегінен қаталырақ көрінеді.
  • ҮлпежүнГарри Поттер мен Пәлсапа тасы кітабындағы жануар. Музыкалық аспап даусынан ұйықтап қалады.
  • Норберт — Рубеус Хагридтің айдахары.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://www.vokrug.tv/person/show/Rubeus_Hagrid/ http://magic-britain.ru/forum/index.php?showtopic=832 http://potter-base.ru/48-rubeus-hagrid-i-ego-rost.html