Саксония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Саксония аумағы

Саксония — ертедегі сакс тайпалары мекендеген аймақ, князьдік. 1806 — 1918 ж. корольдік, 1918 — 45 ж. Германия аймағы болды. Князьдік алғаш неміс феодалдары 10 ғасырда полаб славяндарынан басып алған жерлерде пайда болған Мейсен маркасы негізінде құрылды. 1247 ж. Саксонияға Тюрингия, 1423 ж. Саксен-Виттенберг қосылды. 15 — 16 ғасырларда саксонияда қолөнер, мәдениет, сауда, өндіріс дамыды. 1814 — 15 ж. саксония аумағының жартысынан астамы Пруссияға берілді. 1871 ж. Герман империясы құрамына еніп, елдің аса ірі өнеркәсіп аудандарының біріне айналды. 1949 — 90 ж. ГДР құрамында болды. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том