Салалық кеме
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Салалық кеме немесе Линиялық кеме (Линейный корабль) —
- 17 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басындағы желкенді флоттағы ірі үш мачталық ұрыс кемелерінің атауы. Батареялық палубаларының санына байланысты олар: екі және үш дечті болып бөлінеді. Салалық кемелердің пайда болуы екінші ағылшын — голлан соғысы (1665-1667 ж.ж.) барысындағы теңіз тактикасының өзгеруіне байланысты. Абордаждық шайқастың орнына қуатты қаруланған кемелер кильватерлік лекке тұрып, артиллериялық ұрыс жүргізе бастады. Осыдан "салалық кеме" атанып кеткен. 17 ғ-дың аяғында салалық кемелердің су ығыстырғыштығы 1500-1700 т, 80-100 зеңбірегі, экипажында 600-700 адам болды. Соңғы желкенді салалық кемелердің су ығыстырғыштығы 5000 т-ға (19 ғдың ортасы) дейін жетті, 120-130 зеңбірегі, экипажында 800-дей адамы болды. 19 ғ-дың 60 жылдарында салалық кемелердің шығуы тоқтатылып, орындарын броненосецтер басты.
- броненосецтік флоттағы ұрыста кемелердің барлық түрін жоюға, сондай-ақ жағалық объектілерге қуатты соққы беруге арналған ірі кемелердің ("Линкор") негізгі кластарының бір түрі. "Линкор" атауы 20 ғ-дың басында пайда болды. 1907 ж. Ресейде эскадронды броненосецтер "Линкор" деп атауын өзгертті. Осы уақытта жаңа типті салалық кемелер салуға дайындық жүре бастады. 1930 жылдан бастап салалық кеменің дамуы артиллерия калибрінің үлкеюі, сауыттың қалыңдығы бойынша, жылдамдығы мен өміршеңдігінің көтерілуі бойынша жетіле бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстағы салалық кемелердің су ығыстырғыштығы стандартты 20000-65 000 т, жылдамдығы 20-23 узел (37-61 км/ car), қару-жарағынан — 280-457 мм калибрлі 8-12 зеңбірегі, 100-152 мм калибрлі 20-ға дейін әмбебап зеңбіректері болды. 20 ғ-дың 70 жылдары ортасында салалық кемелер барлық мемлекеттерде флот құрамынан шығарылып өмір сүруін тоқтатты. Тек АҚПІ-та резервте "Айова", "Нью-Джерси", "Миссури", "Висконсии" атты салалық кемелер бар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|