Сарғалдақтар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сарғалдақтар тұқымдасы
Қазбалық ауқымы: CretaceousRecent[1]
Ranunculus auricomus (type species)
Ranunculus auricomus (type species)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Сабы: Сарғалдақ
Тұқымдасы: Ranunculaceae
Juss.
Тұқымдас тармақтары

Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі.

Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 1200-ге жуық (кей мәліметтерде 2000) түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т.б.). [2]

Тұқымдас тектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

GRIN мәліметі бойынша, сарғалдақ тұқымдасына кіретін тектер:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Kathleen B. Pigg and Melanie L. DeVore (2005), "Paleoactaea gen. nov. (Ranunculaceae) fruits from the Paleogene of North Dakota and the London Clay", American Journal of Botany 92: 1650–1659, doi:10.3732/ajb.92.10.1650 
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том