Мазмұнға өту

Скрепер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Скрепер (ағылш. scraper, scrape — қыру) — жер қыртысын қабаттар бойынша сыдыруға, тасымалдауға және төгуге арналған циклдік жұмыс атқаратын жер қазушы — көліктік машина. Скрепердің жұмысшы органы — сыйымдылығы 25 м3-ге дейін болатын шөміш. Скреперлердің тарту күшінің әсерімен (мысалы, элеватормен) жүк тиелетін, тракторларға тіркелетін, қос осьті тракторлар мен ауыр жүк тартушылардың (тягачтардың) негізіндегі жартылай тіркемелі және бір осьті ауыр жүк тартушылардың негізіндегі өздігінен жүретін түрлері болады.[1]

Скреперлержер қазу, өр қазғыш машинаның бір түрі. Скреперлерді канал құрылысын салу, өр қазу және оның беткейлерін пішіндеу, сонымен қатар су қоймаларының топырақ қазу, тасымалдау, жер тегістеу жұмыстарын жүргізу барысында жиі қолданады.[2]

Әскери скрепер, АҚШ
Caterpillar фирмасының скрепері
МОАЗ-6014 скрепері

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.