Мазмұнға өту

Соқыр өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Соқыр өзені
бұрын Басайрық
Сипаттамасы
Ұзындығы 102 км
Су алабының
ауданы
3220 км²
Су алабы Нұра алабы
Су ағысы
Бастауы Күмісқұдық ауылы
 • Координаттары 49°47′05″ с. е. 73°33′51″ ш. б. / 49.7848024° с. е. 73.5641291° ш. б. / 49.7848024; 73.5641291 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шерубайнұра өзені
 • Координаттары 49°52′54″ с. е. 72°34′04″ ш. б. / 49.8817926° с. е. 72.5676513° ш. б. / 49.8817926; 72.5676513 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°52′54″ с. е. 72°34′04″ ш. б. / 49.8817926° с. е. 72.5676513° ш. б. / 49.8817926; 72.5676513 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы

СоқырНұра алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 102 км. Су жиналатын алабы 3220 км².

Күмісқұдық ауылының солтүстік-шығысындағы қыраттан басталып, Керегетас тауы тұсында Шерубайнұраға құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзеннің оң жағалауы аласа төбелі, сол жағалауы жазық дала. Аңғарының ені жоғоры бөлігінде 2 – 5 км, сағасына жақын жерде 5 – 8 км. Арнасы 30 – 40, 50 – 60 м. Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Құрылыс ауылы тұсында 0,70 м³/с. Суы мал, жер суаруға пайдаланылады.[1] Соқырға Бұқпа, Ащылайрық, Қарағанды (Карагандинка) өзендері құяды. Төменгі сағасы қара суға, қайраңға айналып барып құрғайды. Қарашаның басында қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Қамыс-құраққа балшықшы, үйрек, қасқалдақ ұя салады, жағалауында ондатра, су жалманы мекендейді. Балықтары: мөңке, шортан, алабұға, торта, қарабалық. Ауыз суына жарамсыз. Мал суару үшін пайдаланылады. Үлкен Михайловқа темір жол станциясының оңтүстік жағында темір жол және автомобиль көпірлері салынған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5