Супервен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ғылымдар иерархиясы - ғылымда шындықтың жоғары деңгейлері төменгі деңгейлерінен супервенді болады деп есептеледі.

Супервен (ағылш. Supervenience) — сана философиясы, этика, эстетика, биология ғылымдары және Компьютерлік желі салаларында мәлім жүйені түсіндіруге қолданылатын термин болып, жалпы айтқанда факттер жиынтығы, немесе қасиеттер жиынтығы арасында болатын бейтараптық пен тәуелділік байланысын көрсетеді. Философияда негізінен екітүрлі ұқсамайтын қасиеттер жиынтығы (мысалы, сана қасиеттері және физикалық қасиеттер) арасында сақталатын онтологиялық тәуелділіктің асимметриялық қатынасы болып, бірінші жиынтыққа жататын объект қасиеттерінің (супервенді қасиеттер) әрбір өзгерісі екінші жиынтықтағы қасиеттердің (негізгі қасиеттер) өзгерісіне байланысты болады.[1] Мысалы, эстетикалық қасиеттер эстетикалық емес қасиеттерге супервенді болады деу біріншісінің екіншісіне тәуелді екенін білдіреді. Егер бір сурет әдемі, ал екіншісі ұсқынсыз болса, онда олар арасында кенептегі реңдер мен пішіндердің орналасуында біршама айырмашылықтар болуға тиіс. Егер келесі сурет мінсіз көшірме болса, онда ол шынайы суретке қарағанда эстетикалық қасиеті кемшіл болуы мүмкін, бірақ ол да сол суретшінің суретіндегі эстетикалық қасиеттердің супервені болады.[2]

Бірегейлік теориясын (identity theory) теріске шығарып, Физикализмді қолдайтын философтар супервенге жиі жүгінеді, олар бойынша менталды қасиеттерді физикалық қасиеттермен жеке-жеке анықтау мүмкін болмаса да, сана қасиеттері физикалық қасиеттерге түп негізінен алғанда супервенді болады. Осылайша, менталды (немесе психологиялық) жағынан өзгешеленбейтін бірақ физикалық жағынан бір-біріне ұқсайтын екі нәрсе жоқ, және болмыстың менталды қасиеттері оның физикалық қасиеттері жағынан белгіленеді.[3]

Егер, немесе тек қана Y-дегі қандай да бір айырмашылық Х-тегі айырмашылықты мүмкін етсе, онда Х қалайда Y-ке супервенді болады. Кейбір мысалдары:

Бұлар супервеннің кейбір мысалдары, өйткені әрбір жағдайда алдыңғысының ақиқат мәндері өзгермейінше соңғысының ақиқат мәндері өзгермейді.

Супервен философтарды қызықтыратын себебі, ол белгілену (entailment) секілді басқа қатынастардан ерекшеленеді. Кейбір философтардың ойынша, кейбір А әдетте В-ның белгілеуінсіз В-ға супервенді болуы мүмкін. Мұндай жағдайда неліктен B үшін А супервенді болады, неге А-ның өзгерісі үшін В-ның өзгерісі керек, бұл енді түсініксіз. Бұл мысалда супервеннің екі маңызды қолданбасы қамтылған:

  • 1) менталды қасиеттердің (мысалы ауырсыну сезімі) физикалық қасиеттерге (мысалы "ауырсынған нейрондардың" сәулеленуі) супервенді болуы;
  • 2) нормативті фактілердің (істер дұрысы қалай болуы тиістігі туралы фактілер) табиғи фактілерге (істер тегі қалай екендігі туралы фактілер) супервенділігі.
Ми толқындары сенсоры - Функционалды Жақын Инфрақызыл Спектроскопия (fNIRS) қалпағы

Мұндағы даулы мәселе супервеннің өзі туралы болып отыр. Мысалы, сана-дене проблемасы аясандағы даудың түйіні сана құбылыстары расында физикалық құбылыстарға супервенді ме деген мәселе. Мұнда қандайда бір формадағы супервен барына көбі келіседі: қатысты нейрондар сәулеленгенде ауырсыну пайда болады. Ал, келіспеушілік көбінесе "неге бұлай болды" дегенге байланысты туындайды. Материалистер "нейрондық феномендер сана феноменін белгілегендіктен (entail) біз мұнда супервенді байқаймыз" деса, ал дуалисттер мұны жоққа шығарады. Дуалистер супервенділікті ешқандай себепсіз түсіндіруге тәуекел (challenge) етеді.

Бұл жағдай нормативті фактілердің табиғи фактілерге супервенділігі мәселесінде де қайталанады. Солай-тиіс проблемасында (is-ought problem) адамдардың қалай әрекет ету тиістігі туралы фактілерді табиғи фактілер белгілемейді, бірақ табиғи фактілер өзгермейінше нормативті факттер өзгермейді, ал мұндай белілеусіз қатал байланысу адамдарды күмілжітуі мүмкін.

"Белгілеусіз супервеннің" мүмкіндігі, немесе "редукциясыз супервен" мәселесі философиядағы ең даулы мәселелердің бірі.

Медицинада супервен (supervene) дегеніміз, бұрыннан бар жағдайдың жазатайым оқиға, немесе жаңа ауру себебінен тіпті де асқынып кетуін білдіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]