Мазмұнға өту

Сәулелік тетрод

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сәулелік тетрод — тетродтың бір түрі. Анодтың қасында көлемдік заряд тығыздығының ұлғаюы салдарынан анодтан шығатын екінші ретті электрондарды шағылдыратын потенциалдық тосқауыл пайда болады. Бұл сәулелік тетрод конструкциясына үшінші (қорғаушы) торды (пентодтағыдай) енгізбей-ақ динатрондық эффектінің зиянды әсерін жоюға мүмкіндік береді.

Сәулелік тетрод радиотаратқыш құрылғылардың шығыс каскадтарында ТЖ тербелістердің қуатын күшейтуге және ЖЖ тербелістерді (1ГГц-ге дейін) генерациялауға кеңінен қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6