ТМД парламентаралық ассамблеясы
ТМД парламент аралық ассамблеясы (ТМД ПАА) - Тәуелсіз мемлекеттер достастығының жоғарғы заңшығарушы үйлестіруші органы. Парламент аралық ассамблея құрамына Тәуелсіз мемлекеттер достастығының барлық 12 елінің өкілі болып табылатын парламентарийлер кіреді. Парламент аралық ассамблеяның негізгі міндеті - ТМД елдерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіру. Үлгі зандар, тікелей ықпалы болмаса да ТМД елдерінің ұлттық заңдарын жасауда бірыңғай көрсеткіш болып табылады. Ассамблея сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің әріптестігі, өзара ықпалдасуы, қарым-қатынастарының дамуына бағытталған бірқатар саяси, экономикалық, мәдени салалардағы мәселелерді қарастырады. ТМД ПАА Санкт-Петербург қаласында, Таврилық сарайда орналасқан, жылына екі мәрте Ассамблея сессиясы өткізіліп, ПАА Секретариаты жұмыс істейді. Ассамблея тақырыптық тұрақты комиссиялар бойынша құрылған (қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер және т.б.), онда ТМД елдерінің заңнамасына және саясатына сәйкес бағыттар бойынша үйлестіру жүзеге асырылады. Ассамблеяны ТМД ПАА-ның Бас хатшысы басқарады. Арасында ПАА сессиясының жұмысына ТМД елдерінің басшылары қатысады. Ассамблея ТМД елдерінің қарым-қатынастарын үйлестірумен қоса, осыған ұқсас парламентаралық ұйымдармен (Бүкіләлемдік Парламенттік Одақ, НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы және т.б.) халықаралық әріптестікті дамытады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |