Тамшылатып суару

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тамшылы суару, сондай-ақ ағыстық суару, микро суару немесе жергілікті суару ретінде белгілі, өсімдіктің тамырына қарай немесе жердің үстіңгі бөлігіне немесе тікелей тамырлық зонасына қақпақшалардың торы, құбырлар, түтіктер, эмиттер арқылы суды баяу тамшылатып суару кезінде су және тыңайтқыштарды үнемдейтін суару түрі. Ол өсімдіктің негізіне су тасымалдайтын жіңішке құбырлар арқылы жасалады.

Көне заманнан бері тамшылы суарудың қарапайым түрі қолданылып келеді. б.з.б. I ғасырда жазылған Фан Шен Чи Су суару құралы ретінде сумен толытырылған қыш құмыралардың көмілгені туралы хабар береді.[1] Заманауи тамшылы суару 1860 жылы Германияда зерттеушілер жер асты суландыруды сазды құбырларды пайдалана отырып жер асты суландыру мен арықтық жүйелерді құру мақсатымен тәжірибелерін бастағанда дами бастады.[2] 1920 жылы перфоририттік құбыр жүргізу жүйелерін қолдануды қосу үшін тәжірибе ұлғайтылды.[3] Тамшылы суаруда суды сақтау және тарату кезінде пластикті қолдануды Ханнис Тилл Аустралияда кейіннен дамытты.[4]

Тамшылы суаруда пластикалық эмиттер Израильдегі Симха Бласс пен оның баласы Йешаягумен жасалды.[5] Суды кішкене бөлшектермен жеңіл қоршалатын ұсақ тесіктерден шығарудың орнына, пластикалық эмиттерден (су шашқыш) су құйынын бәсеңдету үшін жылдамдықпен кең, әрі ұзын өткелден шығарылды. Алғашқы мұндай типтегі эксперименталды жүйені 1959 жылы Бласс құрды, кейіннен ол серігі Кибуц Хацериммен бірге Нетафим компаниясын құрды. Екеуі практикалық жағынан бірінші жердің бетін тамшылы суару құралын жасап, патенттеді.[6]

1960 жылдардың басында АҚШ-та алғашқы Dew Hose атты тамшылы таспаны Chapin Watermatics-тегі Ричард Чапин шығарды.[7] 1989 жылдың басында, Jain Irrigation Systems Үндістандағы тамшылы суару арқылы суды тиімді меңгеру жолын ашты.

1930 жылдары жер бетін суаруда практикалық балама ретінде шығарылған импульсті спринклер шығарылғаннан бергі, қазіргі тамшылы суару ауыл шаруашылығындағы ең құнды инновация. Тамшылы суару, сондай-ақ кішкентай аумаққа таралатын микро-спрей секілді құрылғыларды пайдалана алады. Әдетте, олар тамырлы зонасы кеңірек ағаш және жүзім сияқты өсімдіктерге пайдаланады. Жер асты тамшылы суару өсімдіктің тамырына немесе төмеңгі жағына уақытша және тұрақты қазылған тамшылы сызық немесе тамшылы таспаны қолданады. Бұл отамалы дақылдар арасында, әсіресе, су қоры шектеулі немесе суару үшін суды қайта пайдаланатын аймақтарда танымал болып жатыр. Белгілі бір қондыру үшін пайдаланылатын ең қолайлы тамшылы суару жүйесін және құрауыштарын анықтау – сәйкес факторларды, яғни жер топографиясы, топырақ, су, дақыл, агро-климаттық жағдайды жете зерттеуді қажет етеді.

Құрауыштары және үдерісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тамшылы суаруда пайдаланылатын құрауыштарға (су қорынан бастап көрсетілген) кіреді:

  • Сорғы немесе қысымдағы су көзі;
  • Су сүзгісі немесе оның жүйелері: Гидроциклон секілді топырақ сепараторлары, торлы фильтрлер, медиа фильтрлер және дискті фильтрлер;
  • Фертигациялық жүйелер (Вентури инжекторы) және улы химикатты жабдық (опционалды);
  • Қайта шаю контролері (кері ағысты алдын алу құралы);
  • Қысымды қадағалау қақпағы (қысымды реттейді);
  • Басты бағдар (құбыр диаметрі мен фитингтері кеңірек);
  • Қолмен реттелетін, электронды немесе гидравликалық қадағалау қақпағы және қауіпсіздедіретін қақпақтар;
  • Кіші диаметрлі политубтер (бүйір жағы деп жиі аталады);
  • Полифитингтер мен бөлшектері (жалғау үшін);
  • Өсімдіктерге арналаған шашқыш құралдар (эмиттерлер, тамызғыштар, микро спрейлер, кіріктірме тамызғыштар немесе тамшылы құбырлар);

Тамшылы суару жүйесінде сорғы мен қақпақтар қолмен немесе автоматты түрде бақылаушымен басқарыла алады.

Көптеген ірі тамшылы суару жүйелері эмиттерлердің кішкентай ағыс жолдарының су арқылы шығатын ұсақ бөлшектермен бітелуін алдын-алу үшін арнайы сүзгілер қолданады. Қазіргі кезде бітелуді қысқарту мақсатында жаңа технологиялар ұсынылып жатыр. Кейбір тұрғын жүйелер қосалқы сүзгісіз орнатылады, өйткені су тазартатын зауыттар ауыз суды әлдеқашан сүзгілеп қояды. Тамшылы суаруда жабдықтардың барлық дерлік өндірушілері сүзгілер соңына дейін кепілдіксіз жасайтыны туралы кеңес береді. Кез-келген сүзгілік жүйе үшін оның бөлшектерінің орнығуы және аралық желіде бөлшектердің кездейсоқ қосылуына орай, ақырғы құбырлық жеткізуде соңғы сызықтық сүзгілерді пайдалану ұсынылады.

Тамшылы суару және жер бетін суару муниципалды қайта қолданылған ағынды суды пайдалануда қолданылады. Ережелер бойынша, ауыз су стандарттарына сәйкес тазартылмаған суды ауада шашуға рұқсат етілмейді.

Суару жүйесінде судың қолданылу тәсіліне қарай, тайм-релиз тыңайтқыштардың дәстүрлі сыртқы қолданысы кей кездері тиімді емес, өйткені тамшылы жүйелер сұйық тыңайтқыштар мен суаруға арналған суды жиі араластырады. Бұл – фертигация деп аталады; фертигация мен улы химикаттар (пестицидтерді қолдану, сондай-ақ жүйені периодты түрде тазалау үшін хлор немесе күкірт қышқылы сияқты басқа да химикаттарды қолдану) мембраналық сорғылар, піспекті сорғылар немесе аспираторлар сияқты химиялық инжекторларды қолданады. Сондай-ақ, суару кезінде немесе аралықтарда тоқтаусыз химиялық заттар қосылуы мүмкін. Университеттердің жаңа егістік тесттері бойынша, тамшылы фертигация мен суды баяу жеткізуде, тайм-релиз бен микро спрейлерге қарағанда, тыңайтқыштар 95%-ға дейін үнемделеді.

Дұрыс жобаланып, құрылған және басқарылған тамшылы суару жүйесі флуд немесе қондырма шашқыш секілді суару түрлерімен салыстырғанда, булануды азайтып, дренажды тереңдету арқылы су ресурстарының сақталуына септігін тигізеді, өйткені судың өсімдік тамырына жетуі дәлірек болады. Сондай-ақ, тамшылы суару су мен өсімдіктің байланысынан таралатын көптеген аурулардың болуын азайтады. Ақыры, су қорлары шектеулі аймақтарда, басында да, соңында да бірдей су мөлшерін пайдалану арқылы өндіріс ұлғая алады. Қуаң аумақтарда және құмды жерлерде суды мүмкіндігінше баяу қолдану тәсілі жөн көрінеді.

Импульсті суару зауытқа тасымалданатын судың мөлшерін азайту арқылы пайдалынылған су (сток) пен терең фильтрацияны азайтуға мүмкіндік береді. Импульсті жүйелер, әдетте, қымбат және жан-жақты қызмет көрсетуді талап етеді. Осыған орай, өндірушілер суды өте аз (сағатына 1 литрден кем) шығындайтын жаңа технологиялар жасауды бағдарлап орындауға тырысып жатыр. Баяу және жайлы жеткізу суды қолдану тиімділігін арттырып, шығынға келтірмей, күрделі имульсті жабдықты әкелуді қажет етпейді.

Эмиттер зауытта алдын-ала шашқыштары белгілі бір қашықтықта орнатылған және сағатына егістіктің ұзақтығына байланысты ағатын, тамшылы суаруда қолданылатын құбырдың түрі. Эмиттерді тамызытқыш деп те атайды және ол суды құбыр немесе түтік арқылы суармалы жерге суды жеткізу үшін пайдаланылады. Эмиттердің қалыпты ағыстық жылдамдығы сағатына 0,16-4 галлон (0,6-16 л/сағ). Эмиттерлердің басым бөлігінде ағыс қысымға байланысты өзгеріп отырады, кейбір эмиттерлер қысым өтегіш.

Артықшылықтары мен кемшіліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тамшылы суарудың артықшылықтары:

  • Жергілікті қолдану және сілтісіздендіруді азайту – тыңайтқыштар мен құнарлы заттардың жоғалуын азайтады.
  • Егер дұрыс іске асса, су қолдану тиімділігі жоғары.
  • Алқапты тегістеу қажет емес.
  • Дұрыс емес пішінді алқаптар жеңіл орналастырылады.
  • Қайта пайдаланылаған суды қауіпсіз іске асыруға болады.
  • Тамыр жағындағы ылғал алқаптың ылғал сыйымдылығында сақтала алады.
  • Суару жиілігінде топырақ түрінің маңызы үлкен емес.
  • Топырақ эрозяисы азаяды.
  • Арамшөптердің өсуі азаяды.
  • Су құйыны біртекті, әр қақпақтан бақылана алады.
  • Басқа суару түрлеріне қарағанда, еңбек құны азырақ.
  • Қақпақтар мен тамызғыштарды реттеу арқылы қоректенуін өзгертуге болады.
  • Минималды тыңайтқыштармен де фертигацияны іске қосуға болады.
  • Өсімдік құрғақ қалады, ол өз кезегінде, аурудың алдын-алуына мүмкіндік береді.
  • Төмен қысымда да жұмыс істейді, басқа қысымды суарумен салыстырғанда энергия үнемдейді.

Тамшылы суарудың кемшіліктері:

  • Шығыстар: бастапқы сомасы бүркемелі жүйелерден артық бола алады.
  • Қалдықтар: күн құбырларға әсер етіп, олардың жарамдылығын қысқартуы мүмкін.
  • Бітелу: су қажетті деңгейде сүзгіден өтілмесе және жабдық дұрыс қадағаланбаса бітелуге әкелуі мүмкін.
  • Сыртқы суаруда қолданылып жатқан суды көре алмайды. Бұл шаруаның тамшылы суаруда өтілі аз болса, суды әдеттен көп пайдалануы мүмкін.
  • Тамшылы суаруда гербицидтер мен тыңайтқыштарды шашқыштар активация үшін спринкер суару жүйесін қажет етсе, талапқа жауап бермеуі мүмкін.
  • Тамшылы лента егін жинағаннан кейін қосымша тазалау бойынша шығыс қажет етеді.
  • Пайдаланушылар тамшылы таспаның орамын, кәдеге жаратуын, қайта пайдалануды жоспарлау қажет.
  • Егер дұрыс орнатылмаса, судың, уақыттың және егіннің жұмсалуы. Бұл жүйелер сәйкес факторларды, яғни жер топографиясы, топырақ, су, дақыл, агро-климаттық жағдайды және тамшылы суару жүйесі мен оның құрауыштарнынң сәйкес келуін жете зерттеуді қажет етеді.
  • Өніп-өсу мәселелері: тамшылы суаруда жер асты қабат ылғалдылығы оның үстіңгі бөлігіне өніп-өсуге қажетті ылғал бере алмайды. Қондыру тереңдігін жете зерттеуді талап етеді.
  • Тамшылы суарудың басты мақсаты сілтісіздендіру коффициентін азайту есебінен суды үнемдеу. Дегенмен, қолда бар су тұздылығы немесе құрамында сілті мөлшері жоғары болса, алқап топырағы тұздылығы жоғары болуынан және жердің щамалы инфильтрациясынан жарамсыз болады.
  • Тұздылығы: суару жүйелердің көпшілігі жоғары тиімділікке арналған, ол фракцияның кішкене немесе мүлдем сілтісізденуін білдіреді. Жеткілікті сілтісіздендірусіз, тұз тамыр зонасында жиналуы мүмкін. Басқа жағынан, тамшылы суару дәстүрлі жер үсті суарудан болатын тұзды шөгінділер құрайтын жоғары капиллярлы потенциалдан арылуға мүмкіндік береді.
  • Кеміргіштер: құбырлар кеміргіштердің әсерінен зардап шегеді, ол құбырды ауыстырып, шығынды өсіреді.
  • Тамшылы суару жүйелері түнгі аяздарда бүлінуін қадағалау (спринкерлік суару жүйесіне қарағанда) мүмкіндігі жоқ.

Пайдаланылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тамшылы суару шаруашылықтармен, жылыжайлармен және тұрғылықты баушылармен қолданылады. Тамшылы суару суы шектеулі аймақтарда және кокос, ландшафтты ағаштар, жүзім, банан, баялды, цитрус, құлпынай, қант құрағы, мақта, жүгері және қызанақ сиқты өнім түрлеріне кеңінен таралған. Бақшаға арналған тамшылы суару жинақ түрінде келеді және ол үй қожайындары арасында танымал, ол таймер, шланг және эмиттерден тұрады. Диаметрі 4миллиметр шланг гүл өсімдіктерін суару үшін қолданылады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Bainbridge, David A (маусым 2001)."Buried clay pot irrigation: a little known but very efficient traditional method of irrigation". Agricultural Water Management 48 (2): 79–88.
  2. R. Goyal, Megh (2012).Management of drip/trickle or micro irrigation. Oakville, CA: Apple Academic Press. p. 104.
  3. "Drip Irrigation — History & Benefits".
  4. "The History of the Drip Irrigation System and What is Available Now".
  5. History of drip irrigation.
  6. The History of the Drip Irrigation System and What is Available Now.
  7. "Chapin Drip tape". Retrieved 2011-07-19.
  1. [Bainbridge, David A (маусым 2001)."Buried clay pot irrigation: a little known but very efficient traditional method of irrigation". Agricultural Water Management 48 (2): 79–88.]
  2. [R. Goyal, Megh (2012).Management of drip/trickle or micro irrigation. Oakville, CA: Apple Academic Press. p. 104.]
  3. "Drip Irrigation — History & Benefits"
  4. "The History of the Drip Irrigation System and What is Available Now"
  5. History of drip irrigation
  6. The History of the Drip Irrigation System and What is Available Now
  7. "Chapin Drip tape". Retrieved 2011-07-19.]