Таң
Таң — Семей губаткомы, РК (б) П губкомы мен кәсіподақ к-тінің 1925 жылдың наурыз - маусым айлары аралығында шыққан журналы. 4 саны жарық көрген. М. Әуезовтің журнал ісіне белсене араласуымен ол жинаған «Абайдың басылмаған сөздері» (Әбдірахман деген баласы өлгенде Абайдың жоқтап айтқан өлеңдері, 1925, №1), «Абайдың кейбір оспақ өлеңдері» (Афоризмдері, 1925, №1), «Абайдың басылмаған қара сөздерінен» (Үшінші, Тоғызыншы сөздері, 1925, №2), «Абайдың жарияланбаған өлеңдері» (Оспан өлгенде айтқан, «Таң», 1925, №2), «Көз жұмғанша дүниеден иманын айтып кеткені-ай» (Әбдірахман өлгенде шығарған бір өлеңі, 1925, №2), «Абайдың басылмаған өлеңдері» (Әбдірахманға айтқан тағы бір жоқтауы, 1925, №3), «Абайдың өз тұсындағы замандасы Абыралы деген кісіге айтқан өлеңінен» (Абыралы атты өлеңінен, 1925, №3), «Абайдың қарасөздерінен» (21 сөзі, 1925, №4), «Әбдірахманның келіншегі Мағрипа деген келініне Абайдың айтқан сөзі» (Өлең, 1925, №4) жариялаған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |