Теңіз суы
Теңіз суы, мұхит суы - мұхит пен теңіздегі натрий, кальций және магний сульфаттары басым әр түрлі тұздардың ерітіңділерінен тұратын сулар. Теңіз суының 96,5%-ын су, 3,5%-ын тұздар құрайды. Теңіз суында еріген тұздардың 85%-ы натрий хлориді (ас тұзы), едәуір бөлігі магний хлориді, магний және кальций сульфаты, натрий бромиді болады. Еріген тұздардың концентрациясы немесе тұздылығы (әдетте, промиллемен %о өлшенеді) 50° о.е. беткі суларда 33,99%о-ге дейін, 5° с.е. 35,79%0-ге дейін болады. Теңіз суының тығыздығы температура мен тұздылығына байланысты өзгереді. Тұщы және тұзды суларға қарағанда Теңіз суы ең үлкен тығыздық температурасында (-1,9°С) қатады. Теңіз суынан натрий, магний хлоридтері, бром және т.б. алынады.[1]
Теңіз суы — мұхиттар мен теңіздердің суы; мұның ішінде ерітінді түрінде кездесетін көптеген тұздар бар. Мұхиттар үшін тұздардың мелшері орташа есеппен 35‰, ал ішкі тұйық теңіздерде, олардың мелшері, оған құятын өзендердің суының молдығына қарай және теңіз орналасқан белдеуге байланысты ауытқып тұрады. Мысалы, Жерорта теңізінің тұздылығы 39‰-ге дейін жететін болса, Балтық теңізінікі орташа есеппен 5‰, Қара теңіздікі — 18‰. Теңіз суы – тұздылығы 24,695%-дан жоғары, теңіздер мен мұхитта жинақталған жер бетіндегі су. Теңіз суы жалпы көлемі 1370 млн текше км-ге тең. Теңіз суы құрамының өте тұрақтылығымен сипатталады. Ондағы еріген тұздардың 85%-ын натрий хлориді құраса, ал қалған бөлігін магний хлориді, магний және кальций сульфаты, натрий бромиді және еріген газдар мен органикалық заттар (1—5 мг/л) құрайды. Ашық мұхиттағң теңіз суы құрамында 1 кг суда 35 г тұз болады. Су бетіндегі теңіз суы тығыздығы 1,0275-тен 1,0220 г/см3 аралығында құбылады. Тұщы және тұзды суға қарағанда теңіз суы жоғары тығыздықты температурада (-1,9°С) қатады. Теңіз суының дыбыс жылдамдығы мен электр өткізгіштігі тұщы суға қарағанда жоғары және ол тұздылығы мен температурасы артқан сайын өсе түседі. Соңғы кезде әлемде тұщы су жетіспеушілігі байқалуына байланысты теңіз суын тұщыландыру мәселесі туындап отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде шамамен тәулігіне 6—7 млн т. теңіз суы тұщыландырылады. Соның ең ірілерінің бірі Қазақстанда орналасқан Каспий теңізінің суын тұщыландыратын Ақтаутұщыландырғышы (тәулігіне 12000 т.)[3]
Тұщыландыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңіз суын тұщыландыру — теңіз суын құрамындағы тұз шоғырын кеміту арқылы адамның ішуі мен шаруашылықта пайдалануға жарамды еткенше өңдеу әдісі. Бұл мақсатта кейбір елдерде ірі қондырғылар салынған. Мысалы, Қазакстанда Ақтау каласындағы қондырғы тәулігіне 12 мың тонна суды тұщыландырады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- ↑ World Ocean Atlas 2001
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |