Мазмұнға өту

Токати

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Токати жанартауы

Токати шыңы Дайсетсузан тауларының оңтүстік-батысындағы белсенді стратожанартаулар аймағында орналасқан. Ол -Токати тау тізбегіндегі негізгі шың. Ол оңтүстік-батыстағы Камикава Субпрефектурасы мен оңтүстік-шығыстағы Токати Субпрефектурасы арасындағы шекараның бір бөлігін қалыптастырады. Токати тауы - Токати жанартаулар тобындағы ең биік жанартау болып табылады. Тау Дайсетсузан Ұлттық саябағының аймағында орналасқан. Токати тауының шыңын жанартау күлі мен күкірт диоксидині бөліп шығаратын саңылаулар басып жатыр. Алайда жақын арадағы кейбір беткейлерде жасыл желек пен ағаштар өседі. Жаз мезгілінде жабайы гүлдер гүлдейді. Токати жанартаулар тобы - оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыстағы Хоккайдоға дейін созылып жатқан тізбек бойымен орналасқан жанартау шыңдарының тобы. Токати тауы Жапониядағы атақты 100 таудың қатарына кіреді. Токати белсенді жанартау болып табылады. Ол - Дайсетсузан Ұлттық саябағының негізгі нышаны. Токати тауындағы ірі атқылаулар 1857, 1926, 1962 және 1988 жылдары орын алған болатын. Ол соңғы рет 2004 жылы атқылаған. Бул тауға шығу кезеңі маусым айынан қазан айына дейін созылады. Токати тауының биіктігі м-ді құрайды. Дайсетсузан Ұлттық саябағында ыстық булақтары бар Асахидаке Онсен, Соункио Онсен, Фукиэйдж Онсен және Тинненкио Онсен саяжайлары орналасқан. Дайсетсузан Ұлттық саябағы биік тау алқабындағы көгалдарымен танымал. Жанартау тобындағы ең биік шың Токатидің атауымен аталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.