Толеранттық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мемлекеттердің діни бостандығы (Pew Research Center зерттеуі, 2009) Ашық сары: шектеу төмен; қызыл: шектеу өт жоғары.

Толеранттық ( лат. tolerencia - төзімділік) — өзіндік айырмашылықты, өзгешелікті, ерекшелікті мойындау, басқа түрлерге төзімділікпен қарау, өзге сенімдегі, көзқарастағы, әрекеттегі кісілердің таңдау құқын құрметтеу, қақтығыстарды өзара сұхбат пен келісім арқылы шешу жолын қарастыру, зорлық күшке жүгінбеу, дөрекі, не мәдениетсіз амалдарды қолданбау, кешірімшіл және жанашыр болу секілді осызаман қоғамындағы түрлі сенімдер мен бағыттардың қатар өмір сүру және өзара сәйкесу ережесі.

Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, айырмашылыққа, бөтендікке төзе білу, басқа түрді қабылдай білу қатарлылар айтылады. Толеранттық жеке адамның, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табады. Ол психологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық мінез дәстүрі ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдардыың кикілжіңін жоққа шығарушы ретінде қарастырылады.

Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне төзімділік таныту 1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен толеранттықтың принциптер Декларациясында толеранттылық былай қарастырылады:

  1. әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу;
  2. наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқық саласындағы ережелерді бекіту.

Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.[1][2]

Толеранттық басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу ретінде дәстүрлі қоғамдардағы доминантты идеялр мен идеологиялардың басқаларға қысым жасауын азайытып, жалпыхалықтың ынтымаққа қол жеткізуде маңызды рөлге ие. Ол адам құқық мен бостандығы, сондай-ақ плюрализм қағидасымен бірге негізі демократиялық принциптердің бірі саналады.

Толеранттылық — қоғамның саяси мәдениетінің жалпы деңгейін көрсетеді.[3]

Нөл толеранттық деп қатысты әрқандай іске мүлде толерантсыздық танытып, сәл қайшы болғандардың өзін заң бойынша қатаң жазалауды айтады.[4][5][6] Нөл толеранттық саясаты адамдардың белгіленген ережеге толық бойсынуын талап етеді, ешқандай басқаша болуға мүмкіндік қалдырмайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  3. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
  4. zero tolerance, n. (under zero, n.). The Oxford English Dictionary, 2nd Ed. 1989. Retrieved 10 November 2009.
  5. zero tolerance. (n.d.). The American Heritage Dictionary of the English Language, 4th Ed. Retrieved 10 November 2009, Dictionary.com.
  6. Zero Tolerance. Cambridge University.