Толықтауыш
Бұл мақала немесе бөлім бір ғана аймаққа қатысты жағдайды сипаттайды. Бұл бет немесе бөлім баяндаманы бағдарлау ережесін бұзу мүмкін. |
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Толықтауыш түрлері
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады:
- тура толықтауыш;
- жанама толықтауыш.
Тура толықтауыш табыс септігіндегі сөзден жасалып, ол үнемі сабақты етістіктен жасалаған мүшелермен көбінесе жақын тұрып байланысады да,соларды толықтырады, оларсыз қолданылмайды. Тура толықтауыштың сұрақтары:кімді? нені? кімін? несін? Мысалы, Мына кітапты дүкеннен алдым.
Жанама толықтауыш салт етістіктен болған сөйлем мүшелерін табыс септігінен басқа септіктерде (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) тұрып толықтырады және сөйлемнің кез келген жерінде тұрып байланыса береді. Мысалы, Жанат Жантасқа ұзақ әңгіме айтты.
Толықтауыш болатын сөз таптары
Толықтауыш болатын сөз таптары:
- Зат есімнен болады
- Зат есім орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеу сөздерден болады.
- Туралы, жөнінде, жайында деген шылаулардың бірімен тіркесіп келген сөздер етістіктен болған мүшенің алдында келсе, толықтауыш болады.
Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді.
Әдебиет
- С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|