Мазмұнға өту

Төлем карточкасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Төлем карточкасы (ағылш. payment card) — электронды сақтағыштар (терминалдар) немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы болып табылатын магнит қабатты пластикалық карточка. Онда осындай карточканы ұстаушының төлем төлеуіне, қолма-қол ақша алуына, валюталарды айырбастауына және Төлем карточкасын шығарушы белгілеген және соның шарттарына негізделген басқа да операциялар жасауына мүмкіндік беретін ақпарат болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2