Фикрет Мешади Джамиль оглы Амиров
Фикрет Амиров | |
әз. Fikrət Məşədi Cəmil oğlu Əmirov | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Гәнжә, Әзірбайжан ССР |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Баку, Әзірбайжан ССР |
Қызметі |
композитор, кинокомпозитор, музыкалық педагог |
Әкесі |
Мешеди Джамиль Амиров |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Социалисттік Еңбек Ері |
Фикрет Мешади Джамиль оглы Амиров (әз. Fikrət Məşədi Cəmil oğlu Əmirov; 1922 — 1984) - әзірбайжан, кеңес композиторы, КСРО халық артисі (1965 ж.).
Өмірдерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1922 жылы 22 қарашада Гянжа қаласында Мешеди Джамиль Амировтың (аты шыққан әзірбайжан әншісі) отбасында туған. Басында Гянжа музыкалық училизеде білім алып, 1939 ж. Баку консерваториясына түсіп, 1948 ж. У.Гаджибеков пен Б.И.Зейдманның класы бойынша консерваторияны бітірді.
Фикрет Амиров – әзірбайжан әйелдерінің теңдігін сөз ететін «Севиль» атты тұңғыш лирика-психологиялық операның (1953 ж. Əзірбайжанның Ахундов атындағы опера және балет театрында қойылды), музыкалық комедияларын, жұртшылыққа белгілі симфониялық мугамдардың («Шур», «Кюрдовшары» 1948 ж.), «Әзірбайжан каприччиосы» (1961 ж.), «Симфониялық билер» (1963 ж.), фортепьянолық үш концерттің, ән-романстардың авторы. Композитор кинофильмдер мен драм.спектакльдерге де музыка жазды.
Фикрет Амиров Әзірбайжан ССР Жоғары Срветінің 4-7 шақыруларында депутат болып сайланды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949). Лени және Қызыл ту ордендерімен марапатталған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998