Фотомонтаж
Фотомонтаж (фото және монтаж) — фотография бейне жасау мақсатымен, фотосуреттердің белгілі бір ортақ тақырыпқа топтастырылып берілуі. Фотомонтаж плакаттар, жарнамалар және фотоәзілдер дайындауда кеңінен қолданылады. Кейде Фотомонтажда графикалық материалдар да пайдаланылады. Фотомонтаж мех. және проекц. тәсілдермен жасалынады. Бірінші жағдайда фотосуреттерден қажетті бейнелерді (немесе бөліктерді) ойып, немесе қырқып алады да, оларды қалың қағаздың бетіне желімдейді; араларына ретушь жасап, фотоға қайта түсіреді. Екінші тәсіл бойынша, фотоқағаздан бетіне фотоүлкейткіштің көмегімен негативтен қажетті бейнелердің проекциясы ретімен түсіріп алынады. Дж. Хартфилд, Ж.Гросс, А.М. Родченко, Э. (Л.М.) Лисицкий, Г.Г. Клуцис сынды суретшілер өз шығармасында Фотомонтаж әдісін қолданған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |