Халифа
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Халиф, халифа (араб.: خليفة — наменгер, орынбасар) — мұсылман қауымындағы ең жоғарғы атақ (дәреже) түрі. Әр кезде бұл сөздің мағынасы әр түрлі болып сараланды:
- ) Алла елшісінің (сау) орнын басушы, мұсылман қауымының басшысы. Құран Кәрімде адамды Алланың жер бетіндегі әміршісі, Құдайды танып, оған жақындаудың мүмкіндігіне ие жаратылыс деп біледі. Мұсылман қауымына Әбу Бәкір басшылыққа сайланғаннан кейін Халифа терминдік мәнге ие болды. Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың ең жақын, алғашқы төрт халифасын (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли) сүнниттер “әулие халифалар” деп таныды. Олардың өмірі мен ісі мұсылманға үлгі-өнеге болып саналды.
- ) Cопылықта бауырластықтың негізін салушыға немесе тармақ басшысының тікелей ізбасарларына берілетін атақ. Олар бауырластықтың рухани ұстазы болуымен қатар, силсилиа сабақтастығын жалғастырушы, тариқат басшысымен, сол арқылы пайғамбармен жалғастықтағы адам болып саналды.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халифат сөзі халифтің атағы деген мағынамен қатар, Мұхаммедтен кейінгі оның «халифтерінің» (наменгер) басшылығымен жаулаушы арабтар құрған мемлекет деген мағынаны да білдіреді. Батыс тарихнамаларында Араб халифаты өмір сүрген жылдарды (630 — 1258 жылдар), сондай-ақ кейінгі ислам мәдениетінің гүлденген ғасырларын «Исламның алтын ғасыры» деп атайды.
Халиф белгілі бір шешім, үкім шығарарда және умма мүдделерін шешуде шариат заңдарына бағынады. Сондай-ақ Халифат жүйесінде биліктің мұрамен берілуі қарастырылмайды, керісінше байа (ант) — халифті таңдау әдісі болып табылады[2].
Умәйя және Аббас әулеттері үшін халиф – билеушінің бойына рухани және зайырлы билікті біріктіретін, сонымен қатар мұрагерлік жолмен берілетін атақ (титул). Мәмлүктер сұлтандығында халиф зайырлы билікті сұлтанға жүктеп, тек рухани көсем болып табылатын.
Халифтер әулеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халифтердің көбісі исламның сунниттік бағытын ұстанған. Сүнниттер Мұхаммедтің Аллаһтың қалауымен пайғамбар болғандығына сенеді, сондықтан Мұхаммед өзінің қасиетті қызметін мұра етіп ешбір ізбасарына қалдыра алмайтындығын айтады.
Умәйя әулеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мақаланың бұл бөлімі әлі жазылмаған. |
Аббас әулеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мақаланың бұл бөлімі әлі жазылмаған. |
Фатима әулеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мақаланың бұл бөлімі әлі жазылмаған. |
Османлылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлы Османлы Мемлекеті ыдыратылуы 1924 жылы халифтердің үзілмейтін тізбегінің жалғасуын тоқтатты.
Хиджаз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Османлы Империясының құлауынан кейін Мекке шерифі Хусейн ибн Әли әл-Хашими бір жыл халиф болды.
Халифке қойылатын талаптар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сунниттердің пайымдауы бойынша мұсылман қоғамының кез-келген мүшесі нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік не басқа да жағдайларына қарамастан халиф бола алады. Тұлға мемлекеттік басқару жөніндегі сұрақтарды жақсы меңгерген болуы тиіс. Сунниттер халифті таңдау үшін қоғамда ашық сайлау жүргізу жеткілікті деп есептеген.
- Шииттердің халифат жөніндегі көз-қарастары бөлек. Олардың пайымдауынша Құдай мұсылман қоғамының рухани және зайырлы билігі имамат қолында. Шииттер Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы және қызы Фатиманың жұбайы Әли ибн Әбу Талибтің ұрпақтарын заңды имамдар деп мойындайды. Осылайшы олар сунниттер әділетті төрт халифаның қатарына қосатын Әлидің өзінен басқа барлық сунниттік халифтерді бұл тізімге кіргізбейді[3].Фатимидтер хилафаты (909—1171) ислам тарихында ең танымал шииттік халифат болған. Мароккодағы Идрисидтер (789—921) және Ирандағы Сефевидтер (1502—1736) сияқты әулеттер де халиф титулына үміткер болған.
- Харижиліктер мұсылман қауымының еркімен шектеліп, таңдалған басшыны халиф деп атаған[4][5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-322-1
- ↑ Халифат — Ислам мемлекеті
- ↑ «Шииттер» мақаласы Үлкен кеңес энциклопедиясында
- ↑ Харижиліктер «халиф» жайлы
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
|
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Caliphs |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |