Харри Эдмунд Мартинсон (швед. Harry Edmund Martinson, 6 мамыр 1904 жыл – 11 ақпан 1978 жыл), швед жазушысы, ақын, прозашы және эссеші.Блекинге провинциясы (Швеция), Йемсхёгте туған. 1974 жылы ЭйвиндЮнсонмен бірігіп Нобель сыйлығының иегері атанды. «Аниара» (1956) атты символико-қиял-ғажайыптық поэмасымен үлкен жетістікке жетті. 1940 жылы КСРО-ға қарсы болған 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысына өз еркімен қатысады. 1949 жылы Швед Академиясының мүшесі болады.1938-1974 жылдар аралығында 10 сыйлықтың және арнайы стипендияның иегері атанды. Ол ауруханада өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған.