Хроматтық аберрация
Хроматтық аберрация (хроматическая аберрация) — жарық сәулелері толқындарының ұзындығына байланысты, олардың линза арқылы өткеннен кейінгі әртүрлі ара қашықтықта жинақталуы нәтижесінде көріністің микроскоптағы ауытқу құбылысы. Нәтижесінде микроскоп алаңшасындағы көріністің шеткі жақтары боялып, көріністің өзі анық көрінбейді. Тірі материяны бірінші болып микроскоп арқылы зерттеген ағылшынның өнертапқыш ғалымы физик және математик Роберт Тук (1635-1703 ж.ж.) 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен өсімдік қабығының ұлпасын зерттеп, оның жасушалардан тұратындығын көргенмен, осыдан кейінгі 100 жылдан астам уақыт ішінде жануарлар мен өсімдік жасушаларының құрылыс заңдылықтарын толық зерттеуге микроскоптардың сапа жағынан құрылымдық жеткіліксіздігі, яғни микроскоптардағы сфералық және хроматтық аберрациялар (ауытқулар) мүмкіндік бермеді. Тек, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX гасырдың басында ғана ахроматтық линзаларға негізделген микроскоптардың жасалынуына байланысты, жануарлар мен өсімдіктер организмдерін микроскоппен жоғары деңгейде зерттеуге мүмкіндік туды. Бірінші ахроматтық микроскоптар Ресей мен Голландияда жасалынды. Ресейде М.В. Ломоносовтың басшылығымен Петербург қаласында бірінші оптикалық шеберхана ашылды. Ахроматтық линзаны жасаудың теориялық есебін 1777 жылы Петербург академигі Л. Эйлер мен оның шәкірті академик Н. Фусс есептеп дайындады. Дайындалған ахроматтық линзаларды пайдаланып, тұңғыш ахроматтық микроскопты 1784 жылы академик Ф. У. Эпинус жасап шығарды. 1827 жылы Долланд оптикалық микроскоптардың үлкейткіш тетіктері жасалынатын линзалардың көрсету сапасын күшейтіп жақсартудың арқасында, көп елдерде микроскопқа және оны қолданып ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға деген қызығушылық айтарлықтай артты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |