Мазмұнға өту

Центросома

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Центросома тілшемен көрсетілген

Центросома (centrosoma, лат. centum — орталық, soma — дене) — жасуша каңқасын жасайтын, митоздық бөлінуді іс жүзіне асыратын және жасуша қозғалысын қамтамасыз ететін жарғақсыз органелла. Центросома немесе жасуша орталығы — жасуша ядросы мен Гольджи кешеніне жақын орналасады. Центросоманы Флемминг пен Бенеден 1875-1876 жылдары ашты. Бұл органелла негізінен адам мен жануарлардың барлық жасушаларында және кейбір өсімдіктер жасушаларында кездеседі, ал жоғары сатыдағы өсімдіктер мен қарапайымдарда болмайды. Центросома екі денешіктен (центриольден) тұрады. "Центосома" деген терминді Г. Боверн 1875 жылы ғылымға енгізген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9