Мазмұнға өту

Шардара ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Шардара ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Түркістан облысы

Аудан орталығы

Шардара

Ауылдық округтер саны

10

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

21

Қала саны

1

Әкімі

Арман Романұлы Қарсыбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Шардара қаласы, Төле би көшесі, №40б

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°19′12″ с. е. 67°50′24″ ш. б. / 41.32000° с. е. 67.84000° ш. б. / 41.32000; 67.84000 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°19′12″ с. е. 67°50′24″ ш. б. / 41.32000° с. е. 67.84000° ш. б. / 41.32000; 67.84000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1964

Жер аумағы

13,0 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

84 315[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (96,70%), орыстар (1,99%), татарлар (0,32%), тәжіктер (0,19%), өзбектер (0,17%), корейлер (0,13%), басқа ұлт өкілдері (0,5%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

13

Шардара ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Шардара ауданы

Шардара ауданыТүркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың км2 (облыстың 11,1%-ын құрайды). Орталығы – Шардара қаласы. Аудан 1964 жылы Қызылқұм өлкесін игеруге байланысты құрылды.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Отырар ауданы және Арыс қаласымен, оңтүстік-шығысында Жетісай, Мақтаарал, шығысында Сарыағаш, Келес аудандарымен, батысы мен оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі.

Шардара ауданы 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылып, Сарыағаш ауданына қарасты Абай, Ақтөбе, Ленин жолы, Чапаев; Қызылқұм ауданының Шардара, Жаңашардара ауылдық кеңестерi мен Сырдария кенті құрамына енді. Орталығы алғашында Абай ауылы болды. 1968 жылы 9 тамызда Сырдария кентіне Шардара атауымен қала мәртебесі берілді. 1969 жылы 13 қаңтарда Шардара ауданынан Келес ауданы бөлініп шығып, оған Абай, Ақтөбе, Бiрлiк, Коммунистiк, Ленин жолы және Чапаев ауылдық кеңестері берілді де, аудан орталығы Абай ауылынан Шардара қаласына көшірілді.

1965 жылы ақпан айында Абай, Бiрлiк, ХХI партсъезд, Келес, Байырқұм, 1969 жылы Сүткент кеңшарлары Шардара ауданының құрамына берiлдi. 1965 жылы Шардара ауданында ҚР Министрлер Кеңесiнiң №468 Қаулысымен «Восход», 1967 жылғы №857 Қаулысымен Октябрьдiң 50 жылдығы атындағы, 1969 жылғы №339 Қаулысымен «Комсомол», 1971 жылғы №79 Қаулымен «Қазақстан», 1972 жылғы №103 Қаулымен «Целинный», 1977 жылғы №513 Қаулымен «Достық», 1978 жылғы №259 Қаулысымен «Ақ-Алтын», 1981 жылғы №311 Қаулымен Қазақстанның 60 жылдығы атындағы, 1984 жылы №97 Қаулымен «Жиделi», №188 Қаулымен «Жусанды» кеңшарлары бой көтередi. 1985 жылы Жусанды кеңшары таратылып, 1989 жылы қарашада Байырқұм, Жиделi, Аққала кеңшарлары Арыс ауданына берiлген.[3]

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 жылы «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 жылы 15 қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр стансасының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа температурасы –4 – 6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 – 29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдарда негізінен күріш, қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. «Қазақстан», «Целинный» біріктіріліп, «Жиделі», «Аққала», «Байырқұм» кеңшарлары Арыс ауданына берілді). Олардың негізінде ауданда 5500 ауылшаруашылық тауар өндірушілері тіркелген. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Шардара ауданы бойынша ауыл шаруашылықғының жалпы өнім көлемінің 43,0% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 91,0% немесе 23,7 мың гектары мақта егістігі. Аудан шаруашылығының негізін «НИМЕКС» корпорациясының з-ты, «Мырзакент», «Достық» мақта пункттері, «Мырзакент» АҚ, т.б. құрайды.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денсаулық сақтау саласында 1 аудандық аурухана, 1 қалалық емханасы, 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 фельдш.-акушерлік пункт, "Қазақстан" БМСК "Алатау батыр" ауылдық стационарлық бөлімшесі, сан-эпидемиологиялық стансасы, стоматологияық емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 колледж, 16 кітапхана, 10 мәдениет үйі, оның ішінде 1 аудандық мәдениет сарайы, 9 ауылдық мәдениет үйі тіркелген. «Ақ әжелер» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан ауданы «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната аулынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі – Ұзыната кесенесі орналасқан.[4]

Шежірелі Шардара сыр шертеді

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шардара өңірі тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекен. Аудан орталығы Шардара қаласының атауының өзі ғалымдардың пайымдауынша парсы тілінен аударғанда «төрт қақпа» деген ұғымды білдіреді екен. Яғни, ертеде бұл жер тоғыз жолдың торабыб керуен жолдарының түйіскен жері болған. Бір кездері бұл өңірге Шардара құрылысшыларынан бұрын ғалым-археологтар келген болатын. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 5,2 млрд. Текше метр жасанды Шардара су қоймасы орналасқан аумақ, тарихи ескерткіштерге толы ескі шежіресімен ерекшеленеді. Ескерткіштер мәңгілікке су астында қалғанымен адамзат пен ғылым үшін маңызын жоймақ емес. Археологтар салған алғашқы күрек, Шардара су қоймасы құрылысының бастамасы іспетті еді. 1959 – 1963 жылдар аралығында бұл өлкеде, яғни Сырдария өзені ортаңғы ағысының жоғарғы бөлігінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Экспедиция Қазақ КСР-ы ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғалым-археологтары құрып басшылық жасаған болатын. Атап айтқанда, қазақстандық ғалымдар М.С. Мерщиев, А.Г. Максимова және олардың мәскеулік әріптестері Б.И. Ваинберг пен Л.М. Левина. Қазба жұмыстары нәтижесінде бұл өңірде біздің заманымыздың IV-XIII ғасырларында өмір сүрген Ақтөбе І, Жаушықұм қалашықтары және І-ші ғасыр басы мен IV ғасырға жататын Ақтөбе ІІ мекені анықталды. Сыр өзені бойынан табылған археологиялық ескерткіштер қатарына Жаман-тоғай, Төребайтұмсық, қорған мазарлары мен Жаушықұм, Ақтөбе мазарлары жатады. Таприхшы ғалымдар дәлелдері, мен дәйектемелер бойынша қазіргі Шардара ауданы орналасқан территория, яғни Сырдария өзенінің ортаңғы ағысынын жоғарғы бөлігі түркі тайпалары мекені болған. Бізге дейінгі жеткен археологиялық және жазба деректерге сүйенсек, Шардара өңіріндегі ескерткіштер біздің заманымыздың VI-VIII-ғасырларында Түрік қағанатына тиесілі болған. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін бұл аумақ Түркеш тайпалық одағы құрамына өтіп, IX-ғасырлардың I-ші жартысында Саманид тайпалары билік құрған. 999 жылы Саманидтер үстемдігі құлауына байланысты түркі династиясының қараханидтер әулиеті өз дәуірін жүргізіп, Ақтөбе қалашығының өсіп, гүлденген кезеңіне жатқызылады. XIII-ші ғасырдың басына моңғол шапқыншылығына байланысты, Сыр өзені бойындағы басқа қалашықтар секілді Ақтөбе қалашығы өзінің тарихи дамуын тоқтатады. Жоғарыда келтірілген тарихи деректер, академиктер В.В.Бартольд, А.Н.Бериштам еңбектерінде және XVI-шы ғасырдың теңдессіз, құнды жазба дерегі болып табылатын Фазаллах ибн Рузбихан ал Исфанидің «Мехманнаме Бұхара» атты кітабында кеңінен көрініс тапқан. Аудан көлемінде орналасқан, бүгінгі күндері тарих тұңғиығына еніп, көне дәуір сырын ішіне бүгін жатқан ескі мекендердің бірі- Сүткент қалашығы. 1900 жылы Н.В.Рудиев және 1949 жылы академик А.Н.Бериштам басқарған ғылыми экспедициялар Сүткент қалашығына археологиялық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде шаруашылығы мен өзіндік даму құрылымы болған, түркі тайпалары мекені екендігі анықталып дәлелденген. Сонымен қатар X-XVғасырлардағы жазба деректерде де көне Сүткент қалашығында түркі тайпалары тұрғаны жазылады. Шежірелі Шардарада бүгіндей сақталып қалған орта ғасырлық сирек ескерткіштердің бірі- Ұзын-ата кесенесі бүгінгі көнге алыстан мұнартады. Ол қазіргі Ұзын-ата ауылдың округі орталығынан сегіз шақырым қашықтықта орналасқан, XIV-шы ғасырдың соңы мен XV-ші ғасырдың басында дүниеге келген тарихи жәдігер. Ескі деректерге сүйене болсақ Ақсақ Темір әмірімен салынған бұл кесенеде Орта Азияға Ислам дінін таратумен айналысқан, шын есімі Асан-ата аталған әулие кісі жерленген. Асан-Атаның Ақсақ Темірдің жақын кеңесшілерінің бірі болып, сол заманда өмір сүргенін дәлелдейтін деректер академик В.В.Бартольд еңбектерінде де ұшырасады. Ауданның өркениеті дәуіріндегі мағыналы өмірбаяны ресми түрде 1964 жылдан басталады. Ал Қызылқұм өмірін суландыру жолындағы ұлы жорық 1958 жылы тамыз айынан басталады. Сол жылдары Шардара құрылыс басқармасы құрылып, оның бастығы Ә.К.Қасымов бастаған 26 адам қазіргі Шардара қаласы орналасқан Жаушықұмға келіп қоныс тепкен еді. Өз дәуірінде, бүкіл Кеңестер Одағында ерекше маңызға ие болған нысан- Шардара су электр станциясы. Шардара СЭС-ның құрылысы 1967 жылы 15-ші қазанда аяқталып, пайдалануға берілді. Қызылқұм өңірін суландырудың алғашқы кезеңінде, бұл аймақта 60 мың гектарға жуық суармалы жер, ұзындығы 130 шақырым магистральді канал іске қосылды. Аудан негізінен сол уақыттарда еліміздің халық шаруашылығында шешуші маңызы бар дақылдың бірі, күріш өсіретін кеңшарлармен қазір қаракөл қой шаруашылықтары жұмыс істеп, «Шардарақұрылыс» басқармасы, «Қызылқұмсовхозстрой» тресі, құрылыс материалдар комбинаты, Су электр станциясы, Астық қабылдау мекемесі секілді ірі кәсіпорындар мен мекемелер бүкіл одаққа танымал болды. 1970-1980 жылдары аудан одақтық, республикалық социалистік жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Ауданның тұңғыш басшысы болып, аудандық партия комитеті I-ші хатшылығына Қауысбек Тұрысбеков, ал атқару комитетінің төрағалығына Әштар Жолдасов тағайындалды. 1980 жылдан бастап ауданның өнеркәсіп кешенінде тағы бір жетекші сала –мақта өндірісі жедел дами бастады.Қазіргі уақытта Шардара ауданы ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған нарықтық экономикаға толық бейімделіп меңгерген аймақ.Ауданның жер көлемі 13 мың шаршы километр. Сонымен қатар, бұл өңірде 23 ұлттың өкілдері мекен етеді. Әкімшілік орталығы Шардара қаласында Әкімшілік орталығы Шардара қаласында 28984 халық, ал аудан құрамындағы 10 ауыл округтерінде 49637 адам тұрады.Жалпы Шардара ауданында тұрғындар саны 78621-ді құрайды.[5]

1970 1979 1989[6] 1999 2009[7] 2021
 34440 49721 67965 64324 74997 82739

Тұрғындары 78 132 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (96,45%), орыстар (2,12%), татарлар (0,34%), өзбектер (0,21%), тәжіктер (0,18%), корейлер (0,13%), басқа ұлт өкілдері (0,56%).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

22 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[8]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақшеңгелді ауылдық округі 3998 4477 112 2048 2321 113,3 1950 2156 110,6
Алатау батыр ауылдық округі 8244 8695 105,5 4183 4470 106,9 4061 4225 104
Достық ауылдық округі 3238 3430 105,9 1677 1769 105,5 1561 1661 106,4
Жаушықұм ауылдық округі 1946 2758 141,7 1037 1450 139,8 909 1308 143,9
Көксу ауылдық округі 7094 8155 115 3652 4258 116,6 3442 3897 113,2
Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі 5867 6029 102,8 2944 3137 106,6 2923 2892 98,9
Қоссейіт ауылдық округі 4657 5578 119,8 2357 2866 121,6 2300 2712 117,9
Қызылқұм ауылдық округі 2364 4146 175,4 1199 2199 183,4 1165 1947 167,1
Сүткент ауылдық округі 2773 2915 105,1 1405 1531 109 1368 1384 101,2
Ұзыната ауылдық округі 4243 5125 120,8 2189 2698 123,3 2054 2427 118,2
Шардара қалалық әкімдігі 30573 31431 102,8 15188 16133 106,2 15385 15298 99,4
ЖАЛПЫ САНЫ 74997 82739 110,3 37879 42832 113,1 37118 39907 107,5

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]