Шошқа шаруашылығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шошқа шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.[1] Шошқа шаруашылығы-үй хайуанаттарының негізгі саласы.Шошқаның еті , майы тағам ретінде кеңінен пайдалынылады.Сонымен бірге терісі , басқа да өнімдері , халық қажетіне жаратылады.Шошқаның арғы тегі-доңыз.Қазақстанда жабайы қабан мен ақ шошқа мегежіндерін ұрықтандыру арқылы шошқаның етті-майлы жетісу шошқа қолтұқымы шығарылды.Ол еліміздің оңтүстік-шығыс аймақтарының табиғи жағдайларына бейімделген.Өсімтал және тіршілік етуге өте бейім қолтұқым.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9