Шыбжың тасшыбжық
Шыбжың тасшыбжық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Isabelline wheatear showing black tail
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Oenanthe isabellina (Конрад Якоб Темминк, 1829) |
Шыбжың ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe isabellina) - ірі денелі (22-35 г), жабын қауырсындарында қарама-қарсы түстер мүлде болмайтын тасшыбжық.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аталығы мен аналығының сырттай көрінісінде айырмашылық жоқ: жонының біркелкі құм түстес қоңырқай реңі бауырында жайлап құм типтес сары түске (жонына қарағанда едәуір ақшыл, бірақ ақ емес) ауысады. Олар кәдімгі немесе шөл тасшыбжықтардың аналықтарына өте ұқсас, алайда олардан едәуір ірірек, ең бастысы - тұмсығы үлкенірек. Оның үстіне олар басқа тасжарғылардан гөрі жиірек денесін тіктеу ұстайды. Шөлде шыбжың тасшыбжық - құстардың көрнекті түрлерінің бірі. Аталықтар көктемде және күзде көп сайрайды және сайрап жүріп күйттік ұшу жасайды. Олар бөгде әуендерді оңай қабылдап, өз әуеніне қосып алады. Жеке аталықтардың осындай бірнеше кірме әуендері бар, олардың арасында шалшықшының, лашынның, сан алуан бозторғайлардың, бұлдырықтың, тырдудың, бөдененің және т.б. дауысы естіледі. Шыбжың тасшыбжықтың сан алуан әуеніне көршілестердің ешқайсысы тең келмейді. Ұяларды кемірушілердің індеріне, көптеген жұқпалы ауруларды тарататын бүргелердің қоректендірушісіне айналған суырлардың және құмдауықтардың тұрған індеріне жиі-жиі орналастырады. Сондықтан шыбжың тасшыбжық обаға қарсы қызмет атқаратын мамандардың зерттеуі үшін маңызды зерзат болып саналады. Ұя інге 1-ден 3 метрге дейін (орташа есептегенде 2 м шамасында) өте терең, кірер ауыз бен жер бетінен 40-тан 120 сан- тиметрге дейін қашықтықта орналасады. Тереңдетілген шұңқырдағы ұяның ернеуі ін жолының деңгейіне тура келеді. Ұяны негізінде аналық салады, аталық кейде ғана аналыққа жәрдемдеседі. Салындыдағы 4- 6 теңбілсіз ашық көгілдір жұмыртқаларды да аналық 12-15 күн басады, ал балапандарды ата-енелері сонша мерзім қоректендіреді. Балапандар әлі ұша алмаса да, ұядан шығып кетіп, алғашқы қауіп төнген кезде інге жасырынады да алғашқы аптада іннің маңайынан ұзап кетпейді. Шыбжың тасшыбжық жазда - 2 рет, тауларда тек қана 1 рет балапан өргізеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шыбжың тасшыбжық қазақстандық шөл, шөлейт және құрғақ далаларда өте көп кездеседі. Ол тек қана сусымалы, бекімеген құмнан, сондай-ақ қалың өскен шөптесін биік өсімдіктері бар орманды және шалғынды үлестерден қашқалақтайды. Оның есесіне мал таптаған ауыл шетіне және тіпті қалаларға орнығуға өте әуес, ал тауларда субальпілік белдеудің орныққан және шөптері аласа үлескілерге дейін көтеріледі. Қазақстан аумағында наурыздан қазанның соңына дейін кездеседі.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Oenanthe isabellina. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.