Мазмұнға өту

Эволюциялық этика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Герберт Спенсер.
A.
Чарльз Дарвин.

Эволюциялық этика – ақылақтың негізі адам табиғатынан тамыр алады дейтін этикалық теориялардың бір түрі. Этикаға эволюциялық көзқарасты ағылшын ғалымы. Г.Спенсер қалыптастырған. Алайда Эволюциялық этиканың негізгі идеялары философиялық эмпризм және этикалық сентиментализмнен алынып, осы ілімді жаратылыстану ғылымы тұрғысынан негіздеуге тырысқан екінші бір ағылшын ғалымы Ч.Дарвин тарапынан ұсынылған еді. Дарвиннің негізгі идеялары бойынша: қоғам әлеуметтік инстинктер арқасында өмір сүреді, адам тілінің арқасынада қоғамдық пікір туындайды, әлеуметтік инстинкт әдетпен бекиді, т.б. Эволюциялық этика адамның моральдық мінез-құлқын қоршаған ортаға бейімделу функциясы ретінде қарастырады. Адамгершілік өлшемі бүкіл тіршілікті қамтитын даму процесі деп саналады. Оның дамуына ықпал ететін – ізгілік те, қарсы әрекет ететін – зұлымдық. Эволюциялық этика зерттеушілер этика-философия көзқарастардың теориясы мұраларынан бас тартып, моральды мақсатты немесе адаптивті мінез-құлық формасы ретінде сипаттайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том;