Этбай
Көрініс
Этбай – Африканың солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Египет пен Судан жерінде. Қызыл т. жағалауын бойлап Ніл өз-нің атырауынан оңт.-шығыс бағытқа Эфиопия таулы қыратының сілемдеріне дейін созылып жатыр. Ұзындығы 1500 км, орташа биікт. 1000 м, ең биік жері 2259 м (Ода тауы). Кристалды тақтатас пен гнейстен түзілген. Шығысындағы теңіз жағалауына тік, батысындағы Арабия шөліне баспалдақты беткейлер жасап тіреледі. Шығыс беткейлеріне қыста 200 мм-ге жуық ылғал түседі. Аңғарларда сүректі өсімдіктер, ксерофитті астық тұқымдастар өседі, тұрақты су айдындары маңында шағын шұраттар кездеседі. Вади-Ришраш (Египет) Эрковит (Судан). резерваттары құрылған. И. Ағажанова[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том