Этнос
Этнос, этникалық қауымдастық [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.
Этникалық топ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.
Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.
- Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
- Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:
- Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;
- Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;
- Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;
- Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;
- Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.
Этноним
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы.
Этнопсихология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М.Лаңарус пен Х.Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В.Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес. Онда бірнеше бағыттарды анықтауға болады:
- а) жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысты психофизиология, когнитивті процестер, жадында сақталған, көңіл-күй, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу;
- ә) этнографияның, фольклористиканың, өнертанудың бөлімдерімен байланысты символдық элем мен халық мәдениетінің құндылықты бағдарларын мәдениеттанулық зерттеу;
- б) топаралық қатынастарды, үстанымдарды, стереотиптерді зерттейтін әлеуметтік және саяси психо- логиядан алынған әдістер мен түсініктемелерді пайдаланып этникалық сана- сезімді зерттеу;
- в) әлеуметтендірудің этникалық ерекшеліктерін зерттеу. Өйткені ұлттық мәдениет мәні мен этносты құрайтын индивидтер ерекшеліктері бір емес, мәдениеттанулық және психологиялық зерттеулердің арасында қашан да алшақтық болады.
Саяси пси¬хология этнопсихологияны зерттеудің біртүтас нысаны ретінде екі негізгі деңгейден тұратын ұлттың психологиялық қалпы больш табылады. Негізгі деңгейі - ұлттық сана-сезім қалыптасатын ұлттық мінез-құлық және оның саяси іс- әрекетте көрініс табуы.
Этникалық бейімделу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық бейімделу - этникалық топтардың (қауымдастықтың) күнделікті өмірге, қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы; көне заманда жекелеген шағын топтардың өздері тұратын табиғи ортаның жағдайына бейімделуі. Мысалы, киім дайындау барысында жергілікті климат пен ондағы бар материал ресурсы ескерілді (жапырақтар, өсімдік талшықтары, мал немесе аң терісі және т.б.), үйі (үңгір немесе жер там, ағаштан, саз балшықтан, күйдірілген қыштан немесе тастан жасалған; еңбек құралы (тас, сүйек, күйдірілген қыш және т.б.); тіл және ауыз әдебиеті (мысалы, теңіз болмаған жердің тілінде де бұл ұғым болмаған); аңыздар, ертегілер де жергілікті аң-құстарды, табиғат құбылыстарын бақылаудан туындаған; билер мен алғашқы суреттер (жергілікті аңдардың, құстардың қылықтарын, оларды аулау тәсілдерін бейнеледі). Осы негізде алғашқы этникалық белгілер қалыптасты. Көші-қон барысында алғашқы этникалық белгілер жаңа ортаға бейімделіп жаңарады, ескілері ұмытылып, санадан біртіндеп, біржола өшеді. Көптеген дәстүрлер қоғам дамуына орай өшкенімен де, көбіне, аңыз-әңгімелерде, мейрамдарда, халықтың жадында тіпті әдеттегі құқық пен күнделікті түрмыста да сақталады. Сондай-ақ әсіресе, демографиялық және экологиялық дағдарыстар кезінде этностар "бөтен" дәстүрлерге де бейімделеді.
Этникалық бірегейлік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); "қан" (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т.б.); тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы); көркем мәдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).
Этникалық құрамда болу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық құрамда болу - атадан балаға мұра болып қалатын, белгілі бір топ мүшелері ортақтасатын мәдени өзгешелік (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлықтантілге дейін). Діни немесе кландық белгілермен астасатын этникалық белгілер көп жағдайда саяси қақтығыстардың себебі болады.
Этниканың саясаттандырылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этниканың саясаттандырылуы - қоғам өмірінде этнос рөлін, мәнін арттыру, баса көңіл аудару және саяси өмірдің барлық қырын этнос төңірегіне шоғырландыру; этникалық мәселелерге тым саяси мән берілу; этникалық топтардың саяси мәселелердің шешімін қабылдауға қатысу мүмкіншілігін кеңейту арқылы оларды саясатқа тарту.
Этникалық сіңісу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.
Этникалық "тазарту"
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық "тазарту" – 1992 ж. бұрынғы Югославиядағы, әсіресе Босниядағы соғыс аясында қолданысқа енген ұғым. Бүған дейін ол серб және хор¬ват баспасөздерінде осы соғыстың мақ¬саты жөніндегі хабарламаларда пайдаланылды. Соғысушы жақтар жарияланған этноұлттық мемлекет аумағын мем¬лекет құрушы этникалық ұлтқа жатпайтын халықтан "тазарту" жүргізуге талпынды. "Этникалық" сөзі 1940-50 жж. ғылыми еңбектерден күнделікті өмірге аяқ басты. Алайда, "тазарту" ұғымы бүгінгі біздің түсінігіміздегі этникалық тазарту мағынасында бүрын да қолданылды. Ең алғаш осы түсініктің қолданылуын Познань қаласында 1918 ж. құрылған поляк ұйымының атауынан кездестіреміз - "Познанды еврейлер мен немістерден тазарту ұйымы". Бұл ұйым аталған топтарды қаладан және төңіректен аластауды көздеді. Үшінші рейхте еврейлер қырылған аймақтар"Judenrein" (еврейлерден тазартылған) деп аталды. Этникалық тазартулар ескі замандардан бері келеді. Мысалы: б.д.д. VI ғ. еврейлер Палестинадан Вавилонға қоныс аударылды; б.д. IV-X ғғ. герман, славян, түркі және финн-угорлық этникалық топтар, Орталық Азия, Батыс Еуропа мен Солтүстік Африка арасында үнемі бірін-бірі тықсырып келді; VIII ғ. Византия армиясы павликиандық діни сектаның мүшелерін Армениядан Балқанға ысырды; XII ғ. Батыс және Орталық Еуропадан еврейлерді ауық-ауық қуғындау орын алды; 1609-1614 жж. морискілер (католик дінін қабылдаған мұсылмандар) Испаниядан қуғындалды; отыз жылдық соғыстан кейін, XVII ғ. ортасында, протестанттарды жиі католик аймақтарынан, ал католиктерді - протестанттық аймақтардан қуды; XVIII ғ. ортасында Акадияның франк тілді тұрғындары (Канададағы ағылшын отары болып табылатын) бұл ауданнан тықсырылды; 1820-1880-шы жылдар аралығында АҚШ-тың шығыс аудандарында жергілікті үндістерді батыста резервацияға үшыратты; XIX ғ. ортасында британ қоныс аударушылары Тасманияның бүкіл түпкілікті халқын жойып жіберді; 1907 ж. неміс армиясы Оңтүстік-Шығыс Африкадағы гереро этникалық тобын түп-тамырымен құртты.
Бұл мысалдардың барлығында әртүрлі этникалық немесе діни топтар келтірілсе де, оның барлығы империялық саясаттың (империялар негізінен моноэтникалық болып келеді) жемісі болды, немесе бір мемлекеттің бақылауында болған аумақтарда жүргізілді, я болмаса діни біркелкілікке үмтылудан туындады (діндер әдетте этнос шекарасымен сәйкес келе бермейді). Осылайша, бұл мысалдарды біртекті этноұлттық мемлекет құру үшін жасалған этникалық тазартулармен тең қарастыру жаңылыс бол ар еді. Тек осындай мемлекет қана мемлекет құрушы ұлтпен сіңісіп кете алмайтын барлық адамдар мен топтардан тазартуға мұқтаж болады. Этникалық ұлтшылдық қисынына сәйкес, өзіндік этноұлттық мемлекет құруға талпынатын этникалық ұлт өз мемлекетін "өзгелерден" "тазарту" үшін этникалық тазартуды жүргізеді.
Этнократия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этнократия - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық, kratos - билік] - көпэтникалы мемлекетте бір этностың, әдетте, елдің, байырғы тұрғыны болып табылатын мемлекет құрушы титулды ұлттың биліғі.
Этнофобия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этнофобия - "өзіміз" емес, өзгелерге қатысты ұстамсыздық, тікелей жауығумен сипатталады. Әсіресе, ол этносаралық қарулы қақтығыстарда жиі көрініс табады.
Этношектеулік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этношектеулік - өз этносының шеңберінен тыс байланыстарға баруға құлықсыздық. Бұл әдетте моноэт- никалық отбасын құруға ғана талпынудан, бірэтникалық үжымдарда жұмыс істеуді дұрыс көруден, жетекші лауазымды орындарының барлық деңгейінде билік тізгінін тек өз ұлтының өкілдерінің қолына үстатып, монополиялаудан көрініс табады.
Іс жүзінде кез келген, әсіресе, өз ұлттық-мемлекеттік немесе ұлттық- аумақтық автономиясы барлары этни¬кааралық келісімнің бұзылуына апаратын бұл "аурумен" ауырады.
Этноцентризм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцент¬ризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.
Этноцид
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этноцид - [грек, ethnos - тайпа, халық және лат. caedo - өлтіру] - адамдардың өздерін қырып-жоятын геноцидтен айырмасы, халықтың мәдениетін жойып жіберу.
Этноэгоизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этноэгоизм - басқа этностардың есебінен өз этносына артықшылықтар әперуге талпыну. XX ғасырдың 90-шы жылдарында посткеңестік республикалардың көпшілігінде бұл құбылыс байқалды. Табиғи ресурстарды бөлуде, иемденуде өз ұлттарына артықшылық беріп, басқа этнос өкілдерін тықсыру орын алды.[1]
Этникалық мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Этникалық мәдениет– мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Онда этн. специфика сақталынады және ол этнодифференц. қызмет атқарады. Этникалық мәдениет белгілі бір тайпаға, ұлтқа, халыққа тән. Ол арқылы басқа халықтар этностың біртұтастығын, өзгешелігін және даралығын таниды. Этникалық мәдениетке белгілі бір этнос өкілдері қалдырған барлық заттай және рухани мәдениеттердің жиынтығын жатқызуға болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуына табиғи орта, тіл, дін, этноним өзіндік әсерін тигізеді. Өз мәдениеті арқылы әрбір этникалық қауымдастық әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қосады.Д. Байғонақов[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том