Юнус пайғамбар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам Ыдырыс
Нұх Һұд Салық
ИбраһимЛұт
ЫсмайылЫсқақ
ЖақыпЖүсіп
Әйюб
Шұғайб Мұса Һарұн
Зул-Кифл Дәуіт Сүлеймен Ілияс
Әл-Йаса Жүніс
Зәкәрия Жақия
Иса
Мұхаммед

Жүніс, Сахиб әл-хут, Зу-н-нун, Юнус – пайғамбар. Құранда «Жүніс» - деген атпен төрт жерде, «Зұнұн» деген атпен екі жерде айтылады. Оның бабасы Жақыптың (а.с.)-ұлы - Бенямин. Аллаһ оны Ирактағы Нынуай деген жердегі елге Пайғамбар етіп жіберген. Бұтқа табынатын осынау кауымды Аллаһтың бірлігін мойындауға үндеғен.

Айтқанына көнбеген қауымға өкпелеп, Жүніс (а.с.) Аллаһтың рұқсатынсыз, елден безіп кетеді. Пайғамбарын ренжітіп жіберген соң, Құдайдың қаһарынан қорқып оның қауымы тәубеге келеді. Астамшылық жасағандар малдарьіның төлдерін енелерінен айырып, жұпыны киім киіп, Тәңірден тілек тілейді. Аллаһ Тағала бұл тілекті қабылдап, төбелерінен төнгелі тұрған қара түнекті айықтырып жібереді.

Елден шыққан соң Жүніс бір теңіздің жағасына келеді де бір кемеге отырды. Кеме керемет толқынға тап болады. Мұны, іштерінде бір күнәһар жан бар дегенге жорып, кемедегілер бір адамды теңізге тастамақ болады. Тасталған жеребе Жүніске шығады да, ол суға лақтырылады. Аллаһтың әмірімен оны бір нән балық жұтады. Құрсақта жатып, Жүніс тәубе үйіріл, күнәсіне кешірім сұрайды. Нән балық оны үш күннен соң жағаға шығарып тастанды.

Ашығып, әлсіреген Жүністің қасында асқабақ ағашы пайда бола қалады. Жүніс қоректеніп, күш жинайды. Сонан соң еліне оралады. Пайғамбарын қадірлей білмеген қауым енді оны сағынып, күтіп жүреді екен. Жүніс (а.с.) өмірінің соңына дейін осы қауымын тура жолға жетелеп, қызмет етеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1