Мазмұнға өту

Юрий Сергеевич Рытхэу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Юрий Сергеевич Рытхэу
Туған күні

8 наурыз 1930 (1930-03-08)

Туған жері

Уэлен ауылы

Қайтыс болған күні

14 мамыр 2008 (2008-05-14) (78 жас)

Қайтыс болған жері

Санкт-Петербург

Азаматтығы

КСРО азаматы

Ұлты

чукот

Шығармашылық жылдары

1947-2008

Жанры

роман

Шығармалардың тілі

орысша, чукотша

Марапаттары

"Құрмет белгісі" ордені

Юрий Сергеевич Рытхэу - чукот кеңес жазушысы.

Ленинград университетін бітірді. Шығармалары 1947 жылдан жариялана бастады. Юрий "Біздің жағалаудың адамдары" атты алғашқы әңгімелнр жинағымен жақсы көрінді. Бұдан кейін жарық көрген "Адам есімі", "Чугот сагасы" т.б. әңгімелер жинағы, "Еріген қар мезгілі" трилогиясы Юрий есімін Одақ көлемінде және шетелдерде кеінен танымал етті. Ол бұл шығармаларында Кеңес өкіметі жылдарында көркейген чукот халқының тағдырын жарқын бейнеледі. "Айвангу", "Ең әдемі кемелер", "Вэкэт пен Агнес" т.б. романдары мен повестері Юрийдің шығармаларының өсу жолындағы айтулы табысы болып саналады. Оның көп шығармалары көптеген халықтар тілдеріне аударылды. "Өмір көктемі" романы қазақ тілінде шықты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том