Янцзы
Янцзы | |
---|---|
қыт. 长江 | |
Өзеннің ағысы Нанкиннің тұсында | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 6300 км |
Су алабының ауданы |
1808500 км² |
Су алабы | Шығыс Қытай теңізі |
Өзендердің су алабы |
Янцзы су алабы |
Су шығыны | 31900 м³/с |
Бастауы | |
• Орналасқан жері | Тибет |
• Биіктігі | 5170 м |
• Координаттары | 32°36′14″ с. е. 90°53′46″ ш. б. / 32.60389° с. е. 90.89611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Шығыс Қытай теңізі |
• Орналасқан жері | Шаңхай мен Цзянсу |
• Координаттары | 31°23′37″ с. е. 121°58′59″ ш. б. / 31.39361° с. е. 121.98306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 31°23′37″ с. е. 121°58′59″ ш. б. / 31.39361° с. е. 121.98306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Еңістігі | 0 м/км |
Орналасуы | |
Ел | Қытай |
Янцзы, Чаңжиаң (қыт. дәст. 長江, жеңіл. 长江, пінин: Cháng Jiāng, сөзбе-сөз: «ұзын өзен»[1]; төменгі ағысындағы тарихи атауы — қыт. дәст. 揚子江, жеңіл. 扬子江, пінин: Yángzǐ Jiāng) — Еуразиядағы ең ұзын және мол сулы, әлемдегі үшінші ең ұзын өзен[2]. Қытайдың аумағымен ағады[3].
Географиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км².
Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км²) құяды.
Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді:
- жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км),
- орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км)
- төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км).
Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен су құлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады.
Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с.
Төмен ағысы аллювийлік Цзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м³/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Янцзы және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұзындығы 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғары бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төмен бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Янцзы жыл сайын 280 – 300 миллион тонна тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Янцзы – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т. б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шаңхай қаласы орналасқан[4][5][6].
Тармақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Янцзы тармағында 700 өзен бар. Ең ірілері:
- Ялунцзян
- Миньцзян
- Цзялинцзян
- Туо
- Ханьшуй (Цзюйхэ)
Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Янцзы өзеніндегі ірі қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Паньчжихуа
- Ибинь
- Лучжоу
- Чунцин
- Ичан
- Цзинчжоу
- Шаши
- Шишоу
- Юэян
- Сяньнин
- Ухань
- Эчжоу
- Хуанши
- Хуанган
- Чаоху
- Чичжоу
- Цзюцзян
- Аньцин
- Тунлин
- Уху
- Хэфэй
- Чучжоу
- Мааньшань
- Тайчжоу
- Янчжоу
- Чжэньцзян
- Нанкин
- Нантун
- Шанхай
Суреттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Янцзы Нанкин қаласының тұсында | Таңгула мұздықтары өзен қайнар көзі болып табылады |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Schuessler, Axel (2006), ABC Etymological Dictionary of Old Chinese, Abc Chinese Dictionary Series, University of Hawaii Press, p. 306, ISBN 0824829751, http://books.google.com/books?id=nIvqAC7FNBQC&pg=PA306
- ↑ (қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме)(қолжетпейтін сілтеме) (қыт.)(қолжетпейтін сілтеме) Accessed 2010-09-10
- ↑ "Yangtze River" (in en). Brittanica. https://www.britannica.com/place/Yangtze-River. Retrieved 2024-04-15.
- ↑ Three Gorges Dam, China : Image of the Day. earthobservatory.nasa.gov. Тексерілді, 3 қараша 2009.
- ↑ International Rivers, Three Gorges Dam profile Мұрағатталған 20 сәуірдің 2009 жылы., Accessed тамыз 3, 2009
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том