Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі (ҚР ІІМ) | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1[1] 51°09′08″ с. е. 71°27′18″ ш. б. / 51.15239306° с. е. 71.45515972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Министр | полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов |
Бірінші вице-министр | Бауыржан Әленов |
Бір мекемеге қарасты орган | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/qriim |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан ішкі істер органдары жүйесін басқаратын, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты министрлік.[2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1920 жылдың қазанында Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды,[3] 1946 жылдан Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі деп аталды.[4]
1996 жылы 3 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (МАИ) Жол полициясы болып өзгертілді.
1998 жылғы 9 желтоқсандағы №307 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан милициясы "полиция" болып өзгертілді.
Үкіметтің 2001 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен[5] министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды.
Қазақстан үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен[6] Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Әділет министрлігінің құрамына берілді.
Қазақстан үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырынағы қаулысымен[7] министрліктің Тыл департаменті таратылды.
Қазақстан президентінің 2002 жылдың 28 тамызындағы Жарлығына[8] сәйкес Үкіметтің 2002 жылдың 26 қыркүйегіндегі қаулысымен[9] министрліктің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
Президенттің 2002 жылғы 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылғы 11 қазандағы қаулысымен[10] министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді.
Президенттің 2003 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлығымен[11] экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу функциялары Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (Қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және Қазақстан азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру функциялары Әділет министрлігіне берілді. Әділет министрлігі есірткі айналымы мен оның заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары Ішкі істер министрлігіне берілді.
Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен[12] министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды.
Үкіметтің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталды.[13]
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi құрылды.[14]
ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен:
- қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына;
- кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының қызметі функциялары Білім және ғылым министрлігінің қарамағына;
- Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік техникалық тексеруден уақытылы өтуді бақылау функциясын сақтай отырып, көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылау өкілеттіктері Көлік және коммуникация министрлігіне, көрсетілген техникалық тексеру жүргізу жөніндегі функциялары бәсекелі ортаға;
- аса маңызды стратегиялық объектілерді күзету функцияларын қоспағанда, күзет қызметі функциялары бәсекелі ортаға берілді.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылды.[15]
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысымен Қазақстан азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыру Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне қайтарылды.
Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ішкі істер министрлігіне кері қайтарылды.[16]
ҚР Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру функциялары берілді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылды.[17]
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Әкімшілік полиция комитетіне қосылды.[18] Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Жол полициясы Әкімшілік полициямен бірікті.[19]
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен таратылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің негізінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталды. Министрліктің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Криминалдық полиция комитеті және Тергеу комитеті таратылды.[20]
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 110 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылды.[21]
Үкіметтің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдар - Ішкі істер департаменттері, ішкі істер басқармалары, ішкі істер бөлімдері, Көліктегі ішкі істер департаменті мен ішкі істер желілік бөлімдері сәйкесінше Полиция департаменті, полиция басқармасы, полиция бөлімі, Көліктегі полиция департаменті және желілік полиция бөлімі болып қайта аталды.[22]
Президенттің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуына байланысты ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылды.[23]
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.
Міндеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттер:
- құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою
- қоғамдық тәртіпті сақтау
- жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау
- азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік бақылау
- күзет қызметі саласын мемлекеттік бақылау
- мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзету
- террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау
- азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
- құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласын мемлекеттік бақылау
- жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу
- лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу
- қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тексеру
- жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру
- зерттеулерді жүзеге асыру
- іздестіруді жүзеге асыру
- есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру
- қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау
- қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстау
- мемлекеттік қызметтер көрсету
- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру[24]
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Министрлік комитеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы
- Әкімшілік полиция комитеті
- Көші-қон қызмет комитеті
- Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
- Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті
Министрлік департаменттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өзіндік қауіпсіздік департаменті
- Күзет қызметін бақылау департаменті
- Криминалдық полиция департаменті
- Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті
- Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті
- Тергеу департаменті
- Жедел-криминалистикалық департамент
- Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті
- Тыл департаменті
- Штаб департаменті
- Заң департаменті
- Кадр саясаты департаменті
- Қаржымен қамтамасыз ету департаменті
- Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті
- Ақпараттандыру және байланыс департаменті
- Ақпараттық саясат департаменті
- Ішкі аудит департаменті
Министрліктің аумақтық бөлімшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы Полиция департаменттері
- Аудандар мен қалалардағы Полиция басқармалары
- Аудандар мен қалалардағы Полиция бөлімдері
- Алматы қаласының метрополитендегi полиция басқармасы
- Көліктегі полиция департаменті
- Станциялардағы желiлiк полиция басқармалары мен бөлімдері
- Астана қаласының әуежайындағы желiлiк полиция бөлімі
- Алматы қаласының әуежайындағы желiлiк полиция бөлімі
- Iшкi iстер министрлiгiнiң Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгi
- Iшкi iстер министрлiгiнiң Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы
- Iшкi iстер министрлiгiнiң Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы
- Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы
- Iшкi iстер министрлiгiнiң Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы
Министрлік қарамағындағы ұйымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медиа орталығы» ЖШС
- «Ақпараттық-өндірістік орталық» ШЖҚ РМК
- «Алатау» ШЖҚ РМК
- «Арман санаторийi» АҚ
- «Қазақстан санаторийі» АҚ[25]
Министрлік қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кинологиялық орталығы.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Автокөлiктiк қызмет көрсету мекемесi.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы.
Білім беру ұйымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы (Шымкент қаласы).
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы.
Госпитальдер мен емханалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң емханасы бар орталық госпиталi.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментiнiң емханасы.
- Ақмола облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Ақтөбе облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Алматы қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
- Жетісу облысы Ішкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Атырау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі
- Жамбыл облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Батыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Қызылорда облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
- Қостанай облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Маңғыстау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
- Павлодар облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Түркістан облысының Полиция департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
- Шымкент қаласының Полиция департаментiнiң емханасы.
Күзет қызметі басқармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы).
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы[26]
Министрлер тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Михаил Берсенёв (1937 туған) |
сәуір 1990 |
сәуір 1992 |
белгісіз | Терещенко | ||
2 | Владимир Шумов (1941–2020) |
сәуір 1992 |
қыркүйек 1994 |
белгісіз | Терещенко | ||
3 | Болат Баекенов (1942–2023) |
қыркүйек 1994 |
қазан 1995 |
белгісіз | Терещенко Қажыгелдин | ||
4 | Қайырбек Сүлейменов (1949 туған) |
қазан 1995 |
желтоқсан 2000 |
Партиясыз | Қажыгелдин Балғымбаев Тоқаев | ||
5 | Болат Ысқақов (1947 туған) |
желтоқсан 2000 |
қаңтар 2002 |
белгісіз | Тоқаев | ||
6 | Қайырбек Сүлейменов (1949 туған) |
қаңтар 2002 |
қыркүйек 2003 |
Партиясыз | Тасмағамбетов Даниал Ахметов | ||
7 | Зауытбек Тұрысбеков (1949 туған) |
12 қыркүйек 2003 |
14 қазан 2005 |
Отан[27] | Даниал Ахметов | ||
7 | Бауыржан Мұхаметжанов (1960 туған) |
14 қазан 2005 |
2 сәуір 2009 |
белгісіз | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
8 | Серік Баймағанбетов (1958 туған) |
2 сәуір 2009 |
11 сәуір 2011 |
белгісіз | Мәсімов I | ||
9 | Қалмұханбет Қасымов (1957 туған) |
11 сәуір 2011 |
12 ақпан 2019 |
белгісіз | Мәсімов I Серік Ахметов Мәсімов II Сағынтаев | ||
10 | Ерлан Тұрғымбаев (1962 туған) |
12 ақпан 2019 |
25 ақпан 2022 |
белгісіз | Сағынтаев Мамин I Мамин II Смайылов I | ||
11 | Марат Ахметжанов (1964 туған) |
25 ақпан 2022 |
2 қыркүйек 2023 |
белгісіз | Смайылов I Смайылов II | ||
12 | Ержан Сәденов (1968 туған) |
2 қыркүйек 2023 |
— | белгісіз | Смайылов II Бектенов |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Байланыс (қаз.). Ішкі істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 25 қазан 2023. Мұрағат көшірмесі 27 қазанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Жалпы ақпарат (қаз.). Ішкі істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 27 қазан 2023. Мұрағат көшірмесі 27 қазанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Әлеуметтік-мәдени құрылыс басқармасының органдары, әкімшілік-саяси органдар мен Қазақ АКСР әділ сот органдары (1920— 1936 жжылдың, Алматы, 1984, 81-6.)
- ↑ 1992–2000 жылдары кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 жылдың 16 желтоқсан - 2001 жылдың 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚАЗАҚСТАН ПМ. — Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 612-617 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).
- ↑ "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2001 жылдың 8 маусымдағы № 777 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2001 № 21, 262-бап).
- ↑ "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2001 жылдың 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап).
- ↑ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырдағы № 554 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002, № 14, 151-бап).
- ↑ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚАЗАҚСТАН Президентінің 2002 жылдың 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).
- ↑ "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетінің мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2002 жылдың 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002 № 32, 344-бап).
- ↑ "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін тарату туралы" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2002 жылдың 11 қазандағы № 1116 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002 № 34, 368-бап).
- ↑ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚАЗАҚСТАН Президентінің 2003 жылдың 23 желтоқсандағы №366 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).
- ↑ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2004 жылдың 3 наурыздағы № 261 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2004, № 11, 139-бап).
- ↑ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P050000423_ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
- ↑ Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
- ↑ Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
- ↑ День дорожной полиции Казахстана
- ↑ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
- ↑ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы
- ↑ 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
- ↑ Құрылым (қаз.). Ішкі істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 29 мамыр 2024.
- ↑ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi
- ↑ Турисбеков Заутбек Каусбекович - Параграф - Zakon.kz (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 27 қазан 2023.