Қарасай ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Қарасай ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
10 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
46 | ||
Қала саны |
1 | ||
Әкімі |
Жасұлан Тоққожаұлы Естенов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, №213 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
43°11′57″ с. е. 76°37′17″ ш. б. / 43.19917° с. е. 76.62139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°11′57″ с. е. 76°37′17″ ш. б. / 43.19917° с. е. 76.62139° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1929 | ||
Жер аумағы |
2 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
326 547[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (78,95%), орыстар (10,25%), түріктер (4,44%), күрдтер (1,19%), ұйғырлар (0,68%), татарлар (0,41%), өзбектер (0,37%), басқалары (3,71%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
040900-040932[3] | ||
Автомобиль коды |
05 | ||
Қарасай ауданы — Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1929 жылы құрылған. Алғашында "Ленин", кейіннен "Калинин", 1935 жылдан "Қаскелең", 1998 жылғы қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2 мың км².
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан солтүстігінде Іле ауданымен, шығысында Кеген ауданымен және Алматы қаласымен, батысында Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі таулы (Іле Алатауының биік шыңды сілемдері), орталық бөлігі сай-жыралармен тілімделген жазық. Ауданның ең биік жері — Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы (4029 м). Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Таулы шың қырғыз елі шекарасы тұсыңда орналасқан. Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биіктігі 3000 м-ден асатын бірнеше таулар мен асулар (Тікқия, Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Емеген, Құмбел, Қаскелең) бар. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), Ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтардың жылдық орташа жұмсақсы — -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері Биік таулы белдеуде алмұрт, шие, алма, өрік, долана, арша, шырша, альпілік, субальпілік шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өседі. Жануарлардан: арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстардан: ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т.б. мекендейді.
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда 1997 жылы етті-сүтті мал, құс, көкөніс, картоп, жеміс - жидек өсіруге мамандандырылған 20 шаруашылык, 4 ҒЗИ, ауыл шаруашылығы машиналарын сынау, құс есіру, тәжірибе станциясылары болған. Олардың негізінде 1997 жылдан 14 өндірістік кооператив, 2 ЖШС, 3088 шаруа қожалығы құрылды. Сондай-ақ, 1 асыл тұқымды, 2 тәжірибе шаруашылығы, 1 акц. қоғамға біріктірілді. Олар жеке меншік, шетел инвестициясына өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс істеуде. "Хамле" ЖШС төтті тоқаштар өндіру, "Синтекс — 396 Қазақстан" ЖШС-і темекі өнімдерін, "Либелла-Ботлерс-Алматы" ЖШС-і алкогольсіз сусындар өндіреді.
Ауыл шаруашылығы (мәлімет ескірген)
[өңдеу | қайнарын өңдеу][2002 жылғы 1 қаңтарындағы есеп бойынша, аудан аумағында 3019 шаруа қожалығы құрылған. 2001 ж. Жаңа Шамалған темір жол стансасында (Жібек жолы) 15,2 мың т жүгері, картоп өнімдерін қайта өндейтін зауыт салынды. Жандосов ауылында асыл тұқымды бәйге аттарын күтіп-баптау, ат спортын жан-дандыру бағытындағы ипподром іске қосылды. Қарасай ауылының ауылыш-на жарамды жер 512,3 мың га, оның ішінде 49,3 мың га егістік, 22,1 мың га жайылым, 1,4 мың га шабындық бар. Аудан аумағында бірнеше ірі республика және облыс бағыныстағы көсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Олар: "Арал" сауықтыру-емдеу акц. қоғамы (Райымбек ауылы), облыс қан беру орталығы (Қаскелең қ.), ішімдікке құмарларды емдеу мекемесі (Ерменсай ауылы), Ақсай балалар клиникалық ауруханасы (Ақсай ауылы), 2 әскери бөлім (Ақжар және Шамалған ауылыдары), іле-Алатау ұлттық демалыс аймағы (Таусамал ауылы), Қаскелең аң аулау орман ш-ғы (Шамалған темір жолы. стансасы), Бірінші Май тәжірибе ш-ғы (Әшекеев ауылы), Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Қазақстан республика академиялық аграрлық зерттеулер Орталығының қазыналық көсіпорыны, Мемл. қазыналық асыл тұқымды мал зауыты (Каменка ауылы), Қаскелең қ-лық баспаханасы, мемлекеттік "Водоканал" коммуналдық кәсіпорыны (Қаскелең қ.), Қазақ мал шаруашылығы ҒЗИ (Каменка ауылы), Қазақ көкөніс және картоп өсіру ҒЗИ (Қайнар ауылы), Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ (Қарғалы ауылы), ҚР ауыл шаруашылығы мин-гі Қ. ауылы бойынша аумақтық комитеті (Қаскелең к ), Вильяме атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің Еңбекші ауыл шаруашылығы өндірістік көсіпорны (Еңбекші ауылы), Қазақ құс өсіру ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Республикалық оқу-сауықтыру "Бөбек" орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мемлекеттік кәсіпорын департаменті "Жер астын зерттеу институты" көсіпорнының филиалы (Қаскелең қ.). Қ. ауданында мәдени және білім беру мекемелерінен 53 кітапхана, 1 музей, 7 мәдениет үйі, 1 колледж, 3 көсіптік-техн. мектеп, 46 жалпы білім беру орны, 2 балабақша тіркелген. Емдеу мекемелерінен "Сарыарқа", "Алма-Арасан", "Қарғалы", емдеу-сауықтыру орындары, "Орленок", "Электрон" оқушылар лагерлері, "Энергетик" демалыс үйі мен оқушылар лагерлері, сонымен бірге Қаскелең қалалық орталық ауруханасы, Шамалған ауылы мен Шамалған темір жолы станциясыларындағы ауылыдық ауруханалар елге қызмет көрсетеді. Басқа елді мекендерде 30 ауылыдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшеракушерлік пункттер бар. Аудан жерімен халықаралық маңызы бар Алматы-Қарағанды-Астана және Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы транзиттік автомобиль жолдары өтеді.[4]]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[5] | 1999 | 2009[6] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
25489 | ▲94751 | ▲129048 | ▲152835 | ▲176753 | ▼154602 | ▲184356 | ▲307870 |
Аудан халқының саны 270 673 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (77,81%), орыстар (11,13%), басқалары (11,06%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудандағы 47 елді мекен 1 қалалық әкімдігі мен 10 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Әйтей ауылдық округі | 7394 | ▲15385 | 208,1 | 3572 | ▲7621 | 213,4 | 3822 | ▲7764 | 203,1 |
Елтай ауылдық округі | 9066 | ▲20527 | 226,4 | 4604 | ▲10282 | 223,3 | 4462 | ▲10245 | 229,6 |
Жамбыл ауылдық округі | 9126 | ▲20494 | 224,6 | 4427 | ▲10160 | 229,5 | 4699 | ▲10334 | 219,9 |
Жандосов ауылдық округі | 8692 | ▲11216 | 129 | 4297 | ▲5550 | 129,2 | 4395 | ▲5666 | 128,9 |
Жібек жолы ауылдық округі | 20675 | ▲41333 | 199,9 | 10202 | ▲20803 | 203,9 | 10473 | ▲20530 | 196 |
Қаскелең қалалық әкімдігі | 58513 | ▲79522 | 135,9 | 28325 | ▲39356 | 138,9 | 30188 | ▲40166 | 133,1 |
Первомай ауылдық округі | 4908 | ▲7346 | 149,7 | 2400 | ▲3670 | 152,9 | 2508 | ▲3676 | 146,6 |
Райымбек ауылдық округі | 25391 | ▲34585 | 136,2 | 12754 | ▲17147 | 134,4 | 12637 | ▲17438 | 138 |
Ұмтыл ауылдық округі | 11574 | ▲16010 | 138,3 | 5621 | ▲7776 | 138,3 | 5953 | ▲8234 | 138,3 |
Шамалған ауылдық округі | 13704 | ▲28660 | 209,1 | 6748 | ▲14048 | 208,2 | 6956 | ▲14612 | 210,1 |
Іргелі ауылдық округі | 15313 | ▲32792 | 214,1 | 7611 | ▲16000 | 210,2 | 7702 | ▲16792 | 218 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 184356 | ▲307870 | 167 | 90561 | ▲152413 | 168,3 | 93795 | ▲155457 | 165,7 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Қазақстан почталық индекстері
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|
|