Қаратөс құмдауық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қаратөс құмдауық- құмғақшадан ірірек (45-57 г, қанатының алымы -36 см шамасында) құс.

Тұмсығы – едәуір ұзын, жіңішке, аздап имектеу. Жоны – тот түстес шұбарланған қара қоңыр, томаға, бөтегесі және бауырының алдыңғы бөлігі - қара қоңыр (құстың атауы соған қарай берілген), бауырының қалған бөлігінің реңі - ақ. Қаратөс құмдауыттардың күзгі және қысқы реңі: жоны - сұрғылттау, біркелкі реңкті, бауыры-ақ, бөтегесі - сұрғылт түсті.

Еуразияның тундрасында ұялайды. Қазақстанда көктемгі (наурыз - сәуір) және күзгі (шілденің аяғынан қазанның басына дейін) ұшып өту кезінде кездеседі. Ұшып жүрген жеке дарақтарын жаз бойы кездестіруге болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. мектеп энциклопедиясы "Құстар", Ковшарь

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]